• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Роналду Португалияның жеңілісіне қатысты ойын айтты

    Португалияның шабуылшысы Криштиану Роналду Катарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатында ұлттық құраманың Марокко командасынан жеңілісіне қатысты пікір білдірді.

    Португалия командасы әлем чемпионатының ширек финалында Марокко құрамасынан 0:1 есебімен ұтылғаннан кейін Роналду Instagram әлеуметтік желісінде командасының жеңілісіне қатысты ойын айтты.

    Португалия құрамасы сапында әлем чемпионатын жеңіс алу менің карьерамдағы ең үлкен арман еді. Мен көптеген атақ алдым. Ұлттық құрама сапында талай жетістікке жеттім.  Бірақ мен ең үлкен арманыма жете алмадым. Мен сол үшін күрестім. 16 жылда бес әлем чемпионатында миллиондаған отандасымның қолдауымен ұлы футболшылармен ойнадым. Мен бар күш-жігерімді жұмсадым. Бар өнерімді алаңда көрсеттім. Мен ешқашан күрестен бас тартқан емеспін.

    Амал не, кеше мен арманымнан айырылдым. Қызбалыққа салынғым келмейді. Көп айтылды, көп жазылды, көптеген спекуляция болды. Бірақ мен Португалияға деген адалдығым бір сәтке де үзілмегенін бәріне айтқым келеді. Мен әрқашан ортақ мақсат үшін күресетім. Ешқашан командаластарым мен елімнен бас тартқан емеспін.

    Қазір не басқа айтарымымды білмей отырмын. Рахмет, Португалия! Рахмет, Катар!  Арманым барда бәрі тамаша еді… Енді бәрі тынышталып, әркім өзі ой қорытатын шығар, — деді футболшы.

    Қолда бар мәліметке қарағанда, Роналду 2026 жылы Португалия АҚШ пен Канадада өтетін әлем чемпионатына жолдама алса, жасыл алаңға шығуы мүмкін. Ол кезде футболшының жасы 41-де болады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *