Жанқош Тұраров Алматыда өтіп жатқан кәсіпқой бокс кешінде жеңіске жетті.
Ол венесуэлалық Луис Энрике Ромеромен шаршы алаңғңа шықты. Жекпе-жекте бірінші жартылай орта салмақтағы IBO Inter-Continental чемпионы атағы сарапқа салынды.
10 раундқа есептелген айқаста отандасымыз жетінші раундта жеңіске жетті. Ол қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді.
Осылайша, Жанқош Тұраров кәсіпқой бокстағы 26-жеңісіне жетіп, IBO-ның қосалқы чемпиондық белдігін иеленді.
Ал Луис Энрике Ромеро профи-рингте үшінші рет жеңіліп қалды.
Бұған дейін ЖанқошТұраров WBO Inter-Continental нұсқасы бойынша чемпион болған еді.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА