• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    ФИФА әлем чемпионатын екі жыл сайын өткізу идеясынан бас тартты

    Халықаралық футбол федерациясы әлем чемпионатын екі жыл сайын өткізу идеясынан бас тартты.

    ФИФА-ның әлемдік даму департаментінің басшысы Арсен Венгердің айтуынша, қазір Халықаралық футбол федерациясы 4 жылдық циклмен жұмыс істеп жатыр. Бұдан былай екі жылдық цикл туралы әңгіме болуы мүмкін емес.

    «Мен басында бұл жақсы идея деп ойладым. Бірақ мұндай өзгерістер іріктеу күнтізбесін толық қайта қарауды талап етеді. Біз қазір мұны істеп жатқан жоқпыз. Біз 4 жылдық циклды бақылап отырмыз. Арасында маңыздылығы артып келе жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты, Еуро және клубтар арасындағы әлем чемпионаты өтеді», — деді ФИФА-ның әлемдік даму департаментінің басшысы L’Equipe басылымына берген сұхбатында.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *