• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    akorda.kz

    Мемлекет басшысы балалар футбол академиясын аралап көрді

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе қаласындағы «Химик» стадионының базасында ашылған балалар футбол академиясына барды, деп хабарлады Ақорда.

    Заманауи үлгіде жабдықталған нысанда жыл бойы спортпен айналысуға жағдай жасалған. Академияда қазір 780 бала үздік халықаралық тәжірибе бойынша жаттығады. Онда спорт залдары, әкімшілік, оңалту, ем-дом және басқа да қызмет көрсету кабинеттері орналасқан.

    Мемлекет басшысы академияны аралап көріп, жасөспірімдермен және жаттықтырушылармен әңгімелесті. Қасым-Жомарт Тоқаев балаларды зиянды әрекеттерден сақтау үшін оларды спортқа көптеп тартудың маңызы зор екенін айтты.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *