• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: тау шаңғысы

    Александра Скороходова тау шаңғысынан күміс жүлдегер атанды

    Қазақстан құрамасының спортшысы Александра Скороходова тау шаңғысынан Италияның Поцце-ди-Фассе қаласында өтіп жатқан Ашық чемпионатта екінші орын алды, деп хабарлады Ұлттық Олимпия комитеті. Спортшы слалом жарысында күміс медальға ие болды. Бірінші орынды италиялық Франческа Фанти иеленді. Үшінші орынға Валентина Филл (Италия) жайғасты. Бұған дейін отандасымыз FIS турнирінде алтын медальға ие болған еді. Александра Скороходова Қазақстан атынан 2026 жылғы Олимпия ойындарында өнер ...

    Read More »

    Александра Скороходова тау шаңғысынан жеңімпаз атанды

    Александра Скороходова тау шаңғысынан Италияның Поцце-ди-Фассе қаласында өткен FIS аясындағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. Ол әйелдер арасында слалом сайысында алтын медаль жеңіп алды. Скороходова 01:39.67 уақыт көрсеткішімен мәреге бірінші болып жетті. Испаниялық Джун Гаритано Итурбе екінші орынды иеленсе, үшінші орынға АҚШ өкілі Эмма Гуггенхаймер ие болды.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА  

    Read More »