• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: теннисші

    Қазақстан теннисшісі бесінші финалда ғана турнир жеңімпазы атанды

    Қазақтан теннисшісі Александр Недовесов алғаш рет ATP 250 турнирінің жеңімпазы атанды. Ол бұған дейін осы доданың финалына төрт рет шығып, соның бәрінде жеңілген болатын. Енді міне, Недовесов Швецияның Бастад қаласында жалауы желбіреген жарыстың финалына қатысып, эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге финалда португалиялық Франсишку Кабраль – бразилиялық Рафаэль Матосты ұтты. Недовесов пен Эскобар екі сетте де 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, ...

    Read More »

    Даниал Рахматуллаев әлемдегі үздік 200 жас теннисшінің қатарына қосылды

    Халықаралық теннис федерациясы (ITF) 18 жас және одан кішілер арасында жаңартылған әлемдік рейтингті жария етті. Бұл туралы Теннис федерациясы хабарлады. Теннисші Даниал Рахматуллаев Ирандағы екі бірдей жарыста жеңімпаз атанып, 284-тен бірден 189-орынға көтерілді. Сөйтіп, ол әлемдегі үздік 200 жасөспірім теннисшінің қатарына кірді. Ерасыл Ерділдә ТОП-100-ге жақындап қалды. Қазір ол 150-сатыда тұр. Сондай-ақ Максим Батютенко – 176, Виталий Зацепин – 235, ...

    Read More »

    Теннисші Рахматуллаев Тегерандағы турнирдің жеңімпазы атанды

    Теннисші Даниал Рахматуллаев Иран Ислам Республиксының астанасы – Тегеран қаласында 18 жасқа дейінгілер арасында өткен ITF Juniors J100 TEHRAN турнирінің жеңімпазы атанды. Даниал Рахматуллаев (284 ITF Juniors) финалда корт иесі Амирали Гаваманы 6:0, 6:1 есебімен ұтты. Ол турнирде барлық қарсыластарын 6:0, 6:1 есебімен жеңді. Бұл – 16 жастағы Рахматуллаевтың Ирандағы екінші титулы. Бұдан бір апта бұрын ол тағы бір жарыста ...

    Read More »

    Уимблдон турнирі: Рыбакина екінші айналымға шықты (ВИДЕО)

    Әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің екінші айналымына шықты. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады. Биылғы жарыста Рыбакина басты фавориттерінің бірі болып саналады. Қазақстан теннисшісі алғашқы айналымда әлемнің 49-ракеткасы, америкалық Шелби Роджерспен кездесіп, оны 6:4, 6:1, 6:2 есебімен ұтты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Матчта Рыбакина 2:0 есебімен брейкпен алға шығып, сол басымдылығын сет біткенше сақтап қалды. Екінші сетте ...

    Read More »

    Бублик Уимблдон турнирін жеңіспен бастады

    Әлемнің 26-ракеткасы Александр Бублик Уимблдон турнирін жеңіспен бастап, жарыстың екінші айналымына шықты. Ол алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 54-орында тұрған америкалық Маккензи Макдональдпен ойнап, оны 6:7 (3:7), 6:4, 6:4, 6:4 есебімен ұтты. Бірінші партияда тай-брейкте америкалық спортшы сәтті ойнап, Бубликті 7:6 (7:3) есебімен жеңді. Одан кейін екінші сетте есеп 4:4 болған кезде Бублик брейк жасап, есепті 6:4-ке жеткізді. Үшінші сетте қазақстандық теннисші ...

    Read More »

    Рыбакина Уимблдон турниріне үшінші ракет болып тіркелді

    Қазақстанның жұптық сындағы үздік теннисшісі Елена Рыбакина Уимблдон турниріне үшінші ракетка болып тіркелді. Ол осымен Уимблдон турниріне екінші рет қатысады. Былтыр теннисші турнирге алғаш рет қатысып, жеңімпаз атанған болатын. Қазақстанның ерлер арасында – бірінші, әлемнің 27-ракеткасы Александр Бублик Уимблдонда алғаш рет таңдаулы теннисшілер қатарында күш сынасады. Жуырда ол Германияның Галле қаласында өткен жарысты жеңіп алған. Уимблдон турниріне Бублик 24-ракетка болып ...

    Read More »

    Рыбакина Берлин турнирінде ұтылып қалды

    Қазақстанның бірінші, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина Германияның Берлин қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің ширек финалына шыға алмады. Теннисші екінші айналымда әлемнің 23-ракеткасы, хорватиялық Донна Векичпен кездесіп, ұтылып қалды. Бірінші партияда тай-брейкте Елена Рыбакина 7:6 (7:1) есебімен жеңген еді. Содан екінші, үшінші сетте қарсыласына есе жіберді. Хорватиялық спортшы отандасымызды екі сетте де 6:3, 6:4 есебімен ұтты. Ойын екі сағат ...

    Read More »

    «Ролан Гаррос» турнирі: Қазақстан құрамасы қанша табыс тапты?

    Қазақстан теннисшілерінің «Ролан Гаррос» турнирінде қанша табыс тапқаны белгілі болды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Франция ашық чемпионатына еліміздің жеті теннисші қатысты. Осы турнирде спортшылардың бәрі ұтылса да 485 мың еуро (234,4 млн теңге) табыс тапты. Мысалы, табыс табу жөнінен Юлия Путинцева алда тұр. Ол жекелей сында үшінші айналымға дейін жетті. Жұптық сында ресейлік Камилла Рахимовамен бірге алғашқы айналымнан аса ...

    Read More »

    Путинцева «Ролан Гаррос» турнирінің екінші айналымына шықты

    Әлемнің 58-ракеткасы Юлия Путинцева «Ролан Гаррос» турнирінің екінші айналымына шықты. Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 89-орында тұрған Бельгияның атынан сынға түсіп жүрген тегі украиналық Марина Заневскаямен кортта кездесті. Теннисшілер матчты брейк алмасумен бастады. Дегенмен, Марина Заневская бұдан кейін қатарынан үш геймді алды. Есеп – 4:1. Одан кейін Юлия Путинцева да да қалыспай, есеп 3:5 болғанда қарсыласының сетті алуына мүмкіндік берген ...

    Read More »

    Рыбакинаның табысы жарияланды

    Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакинаның биылғы табысы жарияланды. Ол Италияның Рим қаласында өткен WTA 1000 турнирін жеңіп алғаны үшін 564 407 АҚШ доллары немесе теңгемен есептегенде 252 млн теңге сыйақы алды. Ал оның жыл басынан бергі табысы 3 752 354 доллар (1,6 млрд теңге) болды. WTA сайтының хабарлауынша, Рыбакина халықаралық турнирлерге қатыса бастаған кезден бері  10 млн 113 ...

    Read More »