• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Теннис

    Australian Open-2023: Қазақстан теннисшілерінің табысының тізімі шықты

    Теннистен Австралия ашық чемпионатына қатысқан Қазақстан спортшыларының қанша табыс тақаны белгілі болды. Олардың ішінде ең көп ақша (527 208 427 теңге) Елена Рыбакинаға төленсе, ең аз сома (7 389 521 теңге) ерлер құрамасындағы Андрей Голубевке бұйырды. Енді рет-ретімен тоқталып өтсек… Әйелдер: Елена Рыбакина – 1 млн 143,5 мың АҚШ доллары (527 208 427 теңге); Юлия Путинцева – 120 мың 307 ...

    Read More »

    Australian Open-2023: Елена Рыбакина финалда жеңіліп қалды

    Теннисші Елена Рыбакина 2023 жылғы Австралия ашық чемпионатында финалдық кездесуін өткізді. Қазақстанның бірінші ракеткасының қарсыласы турнирде бесінші орын алған беларусьтік Арина Соболенко болды. Бірінші сетте Елена жеңді – 6:4. Екінші сетте Соболенко мықтырақ шықты – 6:3. Шешуші ойында Арина Соболенко қарсыласынан 6:4 есебімен басым түсіп, титулдың иегері атанды. Матч 2 сағат 28 минутқа созылды. Финалға шығар жолда Уимблдон-2022 жеңімпазы Елена ...

    Read More »

    Australian Open-2023: финалда Елена Рыбакина мен Арина Соболенко кездеседі

    Теннисші Елена Рыбакина Австралия-2023 Ашық чемпионаты финалында Беларусьтің өкілі, әлемнің бесінші ракеткасы Арина Соболенкомен кездеседі. Рыбакина жартылай финалда Соболенконың отандасы Виктория Азаренконы жеңген еді. Ол 1 сағат 41 минутқа созылған матчта қарсыласын 7:6, 6:3 есебімен ұтқан болатын. Ал Арина Соболенко жартылай финалда Польша теннисшісі Магда Линетті 7:6, 6:2 есебімен ұтты. Соболенко мен Рыбакина арасындағы финал 28 қаңтарда, Астана уақыты бойынша ...

    Read More »

    Australian Open-2023: Рыбакина жартылай финалға шықты

    Теннистен Австралияның ашық чемпионатының 1/8 финалында Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы поляк Ига Свентекті жарыс жолынан шығарып тастаған соң, ширек финалда латвиялық Елена Остапенкомен күш сынасты. Кездесу 1 сағат 21 минутқа созылды. Матчта Рыбакина қарсыласын 6:2, 6:4 есебімен жеңді. Енді Елена Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 18-ракеткасы, «Үлкен дулыға» жарысының екі мәрте жеңімпазы, Беларусьтің өкілі Виктория Азаренкомен немесе әлемнің үшінші ...

    Read More »

    Теннисшілер Үндістандағы жарыстың жеңімпазы атанды

    Үндістанның Калькутта қаласында жастар арасында екінші санаттағы ITF Juniors J200 турнирі мәресіне жетті. Ерасыл Ерділдә мен Виталий Зацепин жұптық сында үздік шықты. Қазақстандық дуэт финалда жапониялық Сатора Накаджима мен филиппиндік Джоа Рей Поскуаны 6:2, 7:5 есебімен ұтты. Қыздар арасында Асылжан Арыстанбекова жекелей сында ширек финалға дейін жетті. Ал Айя Нұпбаймен бірге жұптық сында жартылай финалда қарсыластарына есе жіберді. Литвада 14 ...

    Read More »

    Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын ұтты

    Теннистен Австралияның ашық чемпионатында қазақстандық Елена Рыбакина поляк Ига Свёнтекті жарыс жолынан шығарып тастады.  Польшаның 21 жастағы теннисшісі Ига Свёнтек әлем рейтингісінде қазір бірінші нөмірлі болса, Елена Рыбакина 25-сатыда тұр. «Australian Open» Мельбурндегі «Мельбурн Парк Род Лэйвер Арена» стадионында болып жатыр. Қаңтардың 16-сында басталған ашық чемпионаттың әйелдер турнирінде екінші аптаға «Үлкен шлем турнирлерінің» бес бірдей чемпиондары – Виктория Азаренко, Елена ...

    Read More »

    Рыбакина Австралияның ашық чемпионатын жеңіспен бастады

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина Порторож Австралия ашық чемпионатын жеңіспен бастады. Осы «Үлкен дулыға» турнирінің 22-ракеткасы болып тіркелген Елена Рыбакина алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 48-орында тұрған италиялық Элизабетта Коччареттомен кездесті. Бұған дейін қарсыластар өзара бір рет ойнап, онда Рыбакина жеңіске жеткен еді. Бұл жолы да ол қарсыласын 7:5, 6:3 есебімен ұтты. Матч бір сағат 20 минутқа созылды. Осы уақытта ...

    Read More »

    Айя Нұпбай мен Асылжан Арыстанбекова Делидегі жарыстың жеңімпазы атанды

    Теннисшілер Айя Нұпбай мен Асылжан Арыстанбекова Үндістанның астанасы Дели қаласында өткен екінші санаттағы J200 DELHI жарысының жеңімпазы атанды. Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, Нұпбай мен Арыстанбекова 18 жасқа дейінгі арасында еліміздегі ең табысты жұп болып саналады. Олар финалда таилық дуэтті 6:3, 6:2 есебімен жеңді. Өткен жылы осы жұп ITF Juniors сериясында жеті турнирде үздік шыққан болатын. Олар осымен 10 титулды жеңіп ...

    Read More »

    Қазақстанның Австралия ашық чемпионатындағы қарсыластары анықталды

    Жылдың алғашқы «Үлкен дулыға» турнирі – Австралия ашық чемпионатының жеребесі тартылды. Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 67-орында тұрған италиялық Элизабетта Коччаретомен кездеседі. Рейтингте 51-сатыдағы Юлия Путинцева әлемнің 43-ракеткасы, румыниялық Сорана Кырстямен күш сынасады. Ерлер арасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 36-ракеткасы Александр Бублик рейтингте өзінен төрт саты жоғары тұрған испаниялық Алехандро Давидович — Фокинаны жеңіп көруге тырысады. ...

    Read More »

    Қазақстан алғаш рет өтетін United Cup турниріне қатысады

    29 желтоқсан – 8 қаңтар аралығында Австралияның Брисбен, Перт және Сидней қалаларында алғаш рет United Cup командалық турнирі өтеді. Бұл додаға қатысатын теннисшілер ATP және WTA рейтингісінде 500 ұпайға дейін ие болып, табыс қорын толықтыра алады. Турнирде еліміздің намысын Юлия Путинцева (№51), Жібек Құламбаева (жұптық сында №202), Гөзал Айнитдинова (жұптық сында №392), Александр Бублик (№37), Тимофей Скатов (№142), Денис Евсеев ...

    Read More »