• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: турнир

    Өмірі өнегелі жан

     Ауыр атлетикадан қазақ жастары арасынан тұңғыш рет КСРО спорт шебері, Орта Азияның және Қазақстанның темір-жолшылар арасында КСРО чемпионы атанған арысымыз, ардагер спортшы, еліміздегі ауыр атлетика спортының кіндік атасы, батагөй ақсақалы Ізбасар Оразбақтың салауатты өмір салты туралы бір үзік сыр. Ауыр атлетиканың елдегі тарихы туралы сөз еткенде міндетті түрде  Ізбасар Оразбақұлы ағамызды еске аларымыз анық.  Ол 1941жылы 1 мамырда  Алматы облысы, ...

    Read More »

    Алан Құрманғалиев Португалияда тағы бір алтын жүлдені жеңіп алды

    Португалияның Вила Реал қаласында үстел теннисінен өтіп жатқан WTT Youth Contender турнирінде 16 жастағы спортшы Алан Құрманғалиев екінші рет алтын медальді жеңіп алды. Ол өткен аптада 17 жастағы спортшылар арасында жеңімпаз атанған еді. Енді міне, Алан Құрманғалиев 19 жастағы жастар арасындағы жарыста  екінші рет алтын жүлдені алды. Осылайша ол турнирді екі алтын жүлдемен аяқтады.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Астанада бильярдтан Жолдасбек Дуанабай атындағы турнир өтеді

    Ертең, 4 наурыз күні Астанада AIQYN, «Литер» және Turkistan газеттерінің ұйымдастыруымен зиялы қауым мен БАҚ қызметкерлері арасында Жолдасбек Дуанабай атындағы дәстүрлі бильярд турнирі өтеді. Жолдасбек Дуанабайдың есімі қалың оқырманға белгілі. Ол қазақ басылымдарына елеулі еңбек сіңірген белгілі журналист, Б.Бұлқышев атындағы сыйлықтың лауреаты, мәдениет қайраткері болған. Турнирге 50-ден аса адам қатысады. Олар екі санат бойынша бақ сынайды. Әр санатқа үш бағалы ...

    Read More »

    Алан Құрманғалиев үстел теннисінен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

    Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Португалияның Вила-Реал қаласында 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен WTT Youth Contender турнирдің жеңімпазы атанды. Ол жарыста қарсыластарының бәрін ұтты. Атап айтқанда, испан Франческа Каррераны, колумбиялық Хуан Рамиресті, франциялық Ной Вительді, Пуэрто-Риконың өкілі Энрике Риос пен чехиялық Мартин Сипті жеңді. Сонымен бірге теннисші тағы бір испаниялық Даниэль Берзоса мен румын Драгош Бужорадан айласын асырды.   Дастан ...

    Read More »

    Странджа кубогы: финалға шыққан жалғыз қазақ боксшысы жеңіліп қалды (ВИДЕО)

    Болгарияның астанасы – София қаласында бокстан өткен халықаралық Странджа кубогында Оразбек Асылқұлов күміс жүлдегер атанды. Кіші әлем чемпионаты деп те аталатын жарыста Асылқұлов 57 келіге дейінгі салмақта түбі кубалық, Болгария өкілі Хавьер Ибаньеспен жұдырықтасты. Жекпе-жекте отандасымыз қарсыласынан 1:4 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша, Қазақстан құрамасы Странджа кубогын 1 күміс, 1 қола медальмен қорытындылады. Бұған дейін Нұрқанат Райыс 75 келіге дейінгі салмақта ...

    Read More »

    Серік Сәпиев Batyrball турнирде қарсыласымен төбелесе жаздады (ВИДЕО)

    Бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Алматыда өтіп жатқан Naiza 49 турнирінде Batyrball ойынына қатысты. Ойын кезінде Sever-Yug командасының мүшесі Сәпиевке қарсы күрестің бір әдісін қолданды. Бұл бұрынғы боксшыға ұнамады. Сөйтіп аяқ астынан екеуінің арасында жанжал басталып кетті. Серік Сәпиевтің Academy of Sports командасы жеңіске жеткен матч аяқталып, спортшылар қол алысқан кезде тағы да төбелес бола жаздады. Batyrball — Naiza промоушнында ...

    Read More »

    Балуандар Египеттегі турнирді сәтті бастады

    Египеттің Александрия қаласында күрестен Олимпиада чемпионы Ибраһим Мұстафа атындағы биылғы екінші рейтингтік турнир басталды. Алғашқы күні грек-рим күресі шеберлері сәтті өнер көрсетіп, жанкүйерлерді қуантты. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы хабарлады. Әуелі 55 келіге дейінгі салмақта ұлттық құраманың үш балуаны құрмет тұғырына көтерілді. Финалда Аманғали Бекболатов Марлан Мұқашевтен айласын асырды. Тағы бір отандасымыз Исхар Құрбаев қола медаль ...

    Read More »

    Қамшыбек Қоңқабаев өзбек боксшысымен жекпе-жекке шығудан бас тартты

    Болгарияның астанасы – София қаласында өтіп жатқан Странджа кубогы үшін халықаралық турнирде боксшы Қамшыбек Қоңқабаев кезекті жекпе-жектен бас тартты. Ол 92 келіден аса салмақта турнирдің ширек финалында өзбекстандық Баходир Джалоловқа қарсы шаршы алаңға шықпады. Боксшының жекпе-жектен неліктен бас тартқаны белгісіз. Осылайша Джалолов бірден жартылай финалға шықты.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Странджа кубогы: Қазақстан боксшыларының екеуі жеңіп, екеуі жеңілді (ВИДЕО)

    Болгарияның астанасы – София қаласында халықаралық Странджа кубогы үшін турнирінің 1/8 финалдық жекпе-жектері болды. Соңғы кездері көкжиектен ығысып қалған Германияның Галле қаласындағы халықаралық жарыстың орнына «кіші әлем чемпионаты» атанып жүрген «Странджа» турнирі жылдан-жылға өзінің беделін арттырып келеді. Турнирдің үшінші күні қазақстандықтар сапынан рингке төрт боксшы көтеріліп, олардың екеуі жеңіске жетсе, екеуі жеңілістің ащы дәмін татуға мәжбүр болды. Енді бәрін ретімен ...

    Read More »

    Қазақстан грэпплингтен ASIA OPEN-2023 турнирінің жеңімпазы атанды

    Қазақстанның грэпплинг құрамасы Астанада балалар, жасөспірімдер, жастар мен ересектер арасындағы ASIA OPEN 2023 турнирінде жеңіске жетті. Жарысқа 1200-ге жуық спортшы қатысты. Турнирде екінші орынды Қырғызстан, үшінші орынды Өзбекстан құрамалары алды. Астанадағы жарыстың қорытындысы бойынша ASIA OPEN 2023 турнирінде жақсы нәтиже көрсеткен спортшылардан ұлттық құрама жасақталып, олар алдағы халықаралық жарыстарға дайындалады. Ең бірінші болып олар ересектер арасындағы әлем чемпионатына барады. Ол ...

    Read More »