• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Instagram.com/boxingkazakhstan/

    Лицензиялық турнир: Қазақстан боксшылары ширек финалға шықты (ВИДЕО)

    Бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде еліміздің бірнеше боксшысы ширек финалға шығып, Олимпиада жолдамасын алуға жақын қалды.

    Бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде еліміздің бірнеше боксшысы ширек финалға шығып, Олимпиада жолдамасын алуға жақын қалды.

    Кеше әлем чемпионатының екі мәрте жүлдегері Алуа Балқыбекова Оңтүстік Кореяның жас боксшысы Чон Джухёнмен кездесіп, оны 4:1 есебімен жеңді. Жекпе-жекте Балқыбекова алға ентелей ұмтылған Корея боксшысын дәл соққылармен күтіп алып, қажет ұпайларын түгендеді.

    Одан кейін 51 келідегі әлем чемпионы Сәкен Бибосынов 1/8 финалда Бахрейн намысын қорғап жүрген қандасымыз Азат Махметовті 4:1 есебімен жеңді.

    Бұл айқаста қарсыластар бір-бірмен аңдысып, соққыларын мейлінше көп жұмсауға тырысты. Енді Азат Махметов мамыр айында Таиландта болатын екінші әлемдік турнирге қатысады.

    Екеуі бұған дейін 2019 жылы Конфедерация кубогында жолығып, сонда да Сәкен Бибосынов басым түскен еді.

    Бүгін шешуші жекпе-жекте Сабырхан Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Киаран Макдональдпен (Ұлыбритания) кездеседі.

    80 келіде әлем чемпионы Нұрбек Оралбай да жарысты жақсы бастады. Ол 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алексей Алферовты 3:2 есебімен жеңді.

    Алғашқы раундта Нұрбек Оралбай 2:3 есебімен жол бергенімен, екінші раундта бойын жинап алып, дәл соққыларының арқасында таразы басын теңестіріп, шешуші раундта қарымта шабуылдарға иек артып, жеңіске жетті.

    Бұл жекпе-жекке Беларусь елінің өкілі Алексей Алферов өз мемлекетінің жалауы астында шаршы алаңға шыққан жоқ. Енді бүгін Нұрбек Оралбай ширек финалда ирландиялық Келвин Кассидимен қолғап түйістіреді. Олимпиада лицензиясына бір қадам қалды.

    Лицензиялық турнирде әлем чемпионы Махмұд Сабырхан 57 келідегі кезекті жекпе-жегінде Жосуе Тирадоны (Пуэрто-Рико) 5:0 есебімен жеңді.

    Талантты боксшымыз шешуші раундта техникалық шеберлігін керемет пайдаланып, таза жеңіске жетті.

    71 келіде әлем чемпионы, ұлттық құраманың капитаны Асланбек Шымбергенов 1/8 финалда Байрамдурды Нұрмұхаммедовтен (Түркіменстан) 3:2 есебімен басым түсті.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *