Фристайл-могулдан Алматыда өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде ұлттық құраманың спортшысы Павел Колмаков күміс жүлдегер атанды.
Колмаков параллель могул бағдарламасында жартылай финалда финляндиялық атлет Сивери Виерелладан басым түсті. Ал финалда танымал спортшы, канадалық Микаэль Кингсбериге жол берді.
Бұл параллель могулда Павел Колмаков пен Микаэль Кингсбери арасындағы алғашқы текетірес емес. Былтыр Грузияда өткен әлем чемпионатының жартылай финалында канадалық отандасымыздың жолын кескен.
Осыдан кейін Микаэль Кингсбери Алматыда екі рет алтын медальді жеңіп алды. Ол жекелей сында үздік атанды.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА