• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан футбол федерациясы

    ҚФФ бірінші вице-президенті қызметінен кетті

    Қазақстан футбол федерациясының бірінші вице-президенті Олжас Абраев басқа жұмыс орнына ауысуына байланысты өз қызметінен кетті.

    Ол Sport Plus Qazaqstan медиа-тобының бас директоры қызметіне сайланды. Сонымен қатар, Олжас Абраевтың Қазақстан футболындағы мол тәжірибесін ескере отырып, ҚФФ халықаралық жобалары бойынша Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі ретінде қызметін жалғастырады.

    Олжас Абраев бұған дейін Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы, атқарушы хатшысы, «Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті, Ұлттық футбол лигасының директоры мен басқа да қызметте жұмыс істеді.

    2013 жылдан бастап УЕФА матчтарының делегаты қызметін атқарып келеді. Ал 2016 жылдан бастап ФИФА матчтарының комиссары. Сонымен қатар УЕФА-ның маркетинг бойынша консультативті кеңесінің мүшесі.

    УЕФА делегаты – матчты ұйымдастыруға жауапты, қауіпсіздік сұрақтары мен жарыстың тәртібін сақтауды бақылайтын УЕФА-ның ресми өкілі.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *