• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: турнир

    Теннистен ӘЧ: Қазақстан іріктеу турнирін екінші орынмен аяқтады

    Шымкент қаласында теннистен 16 жасқа дейінгілер арасында Дэвис кубогының Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирі мәресіне жетті, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Финалда Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Жапония командасына аса тартысты матчта 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Шымкентте бірнеше күн бойы жаңбыр жаууына байланысты алғашқы екі ойын залда хард төсенішінде болды. Алдымен Дамир Жалғасбай Каваниши Хьюға 6:1, 1:6, 1:6 есебімен ...

    Read More »

    Қазақстан боксшылары турнирді жеңіспен бастады (ВИДЕО)

    Таиландтың астанасы – Бангкок қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамасы берілетін соңғы турнир басталды. 50 кг дейінгі салмақтағы Назым Қызайбай, 63,5 келідегі Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен 60 келі салмақтағы Римма Волосенко ерлер және әйелдер құрамаларынан алғашқы болып жекпе-жекке шығып, қарсыластарын жеңді. Назым Қызайбай Словакия өкілі Николь Дуриковадан айласын асырды. Бұл – Қызайбайдың Париж Олимпиадасының жолдамасына таласып жатқан екінші жарысы. Бұған дейін ол ...

    Read More »

    Боксшылар дәстүрлі турнирде шаршы алаңның шаңын қақты (ФОТО)

    Сағадат Нұрмағамбетовті еске алуға арналған бокстан өткен халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі. Халықаралық турнирге Армения, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстаннан келген 150 былғары қолғап шебері қатысты. Кеңес Одағының Батыры, № 1 Халық қаһарманы, Қазақстанның бірінші қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовті еске алуға арналған турнирді Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті ұйымдастырды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсіміне ...

    Read More »

    Ұлттық құраманың төрт гимнасшысы финалға шықты

    Спорттық гимнастикадан Болгарияның Варна қаласында өтіп жатқан Challenge Cup турнирінде ұлттық құраманың төрт гимнасшысы финалға шықты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Еркін жаттығуда Дмитрий Патанин 14.600 ұпай алып,  іріктеуде екінші орын алса, 13.750 ұпай жинаған Асан Салимов алтыншы орыннан көрінді. Ат снарядында Нариман Курбанов 15.650 ұпай жинады. Ол бірінші орынға шықты. Зейнолла Идрисов 14.850 ұпаймен екінші ...

    Read More »

    Бокстан Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды

    Бүгін Таиландтың Бангкок қаласында бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирі басталады. Іріктеу жарысы 5 маусымда аяқталады. Бұл – Олимпиада алдындағы ең соңғы електік бәсеке. Турнирде Қазақстанның ерлер құрамасынан – 1, әйелдер командасынан 5 боксшы күш сынасады. Егер олар осы турнирде жеңімпаз атанып, Олимпиадаға жолдаманы алса,  Париждегі Ойындарға ерлер мен әйелдер құрамасы толық құрамда қатыса алады. Ал әзірше ерлерден Олимпиадаға лицензияны Сәкен Бибосынов ...

    Read More »

    Бокстан Сағадат Нұрмағамбетовтің жүз жылдығына арналған турнир басталды (ФОТО)

    Қорғаныс министрлігі Спорт комитеті – Орталық спорт клубының базасында Кеңес Одағының Батыры, № 1 Халық қаһарманы Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовті еске алуға арналған бокстан халықаралық турнир басталды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі. Турнир басталар алдында оның ұйымдастырушылары, спортшылар мен курсанттар Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институтындағы даңқты батырдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Турнирдің салтанатты түрде ашылу ...

    Read More »

    Бокстан әйелдер құрамасы лицензиялық турнирге дайын отыр

    Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы 24 мамыр мен 2 маусым аралығында Таиландтың Бангкок қаласында өтетін Олимпиадаға лицензиялық турнирге оқу-жаттығуды аяқтап, дайын отыр. Спортшылар Алматы облысындағы Олимпиялық базада тыңғылықты дайындалып, оқу-жаттығу жиынында болды. Жаттығулар екі кезеңге бөлініп, жасалды. Құрамасының бас жаттықтырушысы Елдос Сайдалин әйелдер командасының жаттығуын жақсы бағалады.  Енді Таиландта жалауы көтерілетін бокс турниріне 5 спортшы қатысады. Бұған дейін хабарланғандай, жарыста Назым ...

    Read More »

    Илхан Достиев велоспорттан Гран-приде жеңіске жетті

    Польшада велоспорттан өткен Orlen Nations Grand Prix көпкүндігінің бесінші кезеңінде ұлттық құраманың спортшысы Илхан Достиев мәреге бесінші болып келді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Илхан Достиев Леско мен Арламув қонақ үйі арасындағы 148 шақырымды 3 сағат, 38:15 секундта жүріп өтті. Одан кейін Арно Валленборн (3:38:18) мен Емиел Верстринж (3:38:19) жетті. 21 жастағы отандасымыз жалпы есепте 7️-сатыда ...

    Read More »

    Elorda Cup: 14 боксшымыз жеңіске жетті (ВИДЕО)

    Астанада бокстан 12 мамырда басталған III Elorda Cup турнирі мәресіне жетті. Жарыста 24 салмақта жеңімпаз анықталып, 8 боксшы былтырғы жеңімпаз атағын қорғап қалды. Олар: Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг),  Хавасбек Асадуллаев (71 кг, Өзбекстан), Тоқтарбек Таңатқан (80 кг, Қытай), Сағындық Тоғамбай (92 кг),  Ю Ву (50 кг, Қытай, былтыр басқа салмақта топ жарған), Виктория Графеева (60 кг, ...

    Read More »

    Elorda Cup: әйелдер боксынан жеті спортшымыз финалға шықты (ВИДЕО)

    Бокстан Астанада өтіп жатқан «Елорда кубогы» халықаралық турнирінде финалға шыққан спортшылар анықталды. Қазақстан сапындағы 52 келіде Жазира Орақбаева, Әнел Сақыш (54 кг), Карина Ибрагимова (57 кг), Виктория Графеева (60 кг), Милана Сафронова (66 кг), Ләззат Күнгейбаева (+81 кг) мен 60 келі салмақтағы Виктория Графеева қарсыластарын жеңіп, финалға шықты. Енді финалда Виктория Графеева жартылай финалда Әсем Таңатарды жеңген үнді боксшысы Маниша ...

    Read More »