• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: турнир

    Еркін күрес: Түркияда Әлішер Ерғали мен Начын Куллар күміс жүлдегер атанды

    Түркияның Коджаэли қаласында күрес түрлерінен Яшар Догу, Вехби Эмре мен Хамит Капланды еске алуға арналған халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Финалда Қазақстан спортшылары тағы екі жүлде алды. Онда Начын Куулар (-70 кг) мен Әлішер Ерғали (125 кг) күміс медалист болды. Начын жарыс қожайыны Хайдар Ювуздан, Әлішер Мохсен Мансұр Сиярдан (Германия) жеңілді. ...

    Read More »

    Түркияда Нұрқожа Қайпанов пен Ризабек Айтмұхан алтын жүлдені жеңіп алды

    Грек-рим күресінен Түркияның Коджаэли қаласында өтіп жатқан Яшар Догу, Вехби Эмре және Хамит Каплан атындағы халықаралық турнирде Қазақстан құрамасының үш балуаны жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спорт істері және дене шынықтыру комитеті. Турнирде Нұрқожа Қайпанов (-74 кг) пен Ризабек Айтмұхан (-97 кг) жеңімпаз атанса, Азамат Дәулетбеков (-86 кг) екінші орынды иеленді. Нұрқожа Қайпанов финалда Рамазан Рамазановты ...

    Read More »

    Әйелдер күресі: Қазақстан құрамасы Түркияда алты медаль иеленді

    Түркияның Коджаэли қаласында күрес түрлерінен  халықаралық турнир болып жатыр. Бүгін Яшар Догу, Вехби Эмре мен Хамит Капланды еске алуға арналған дәстүрлі турнирде әйелдер белдесулері аяқталды. Бұл сында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте алдына Түркия мен Үндістанның спортшыларын жіберіп, алты медальмен үшінші орынды қанағат тұтты. Отандастарымыз 3 күміс пен 3 қола жүлдені алды. Атап айтқанда, Светлана Анкичева (-50 кг), Диана Каюмова (-59 кг) ...

    Read More »

    Анна Данилина Ұлыбританиядан жеңіспен келе жатыр

    Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 9-ракеткасы Анна Данилина Ұлыбританияның  Истбурн қаласында жалауы көтерілген WTA 250 турнирінің жеңімпазы атанды. Осыған дейін Францияның ашық чемпионаты — «Ролан Гаррос», турнирінде, Лондон, Ноттингем қалаларындағы жарыстарында финалға дейін жеткен теннисші бұл жолы чехиялық Мари Боузковамен бірге бақ сынаған еді. Данилина мен Боузкова дуэті финалда австралиялық Майя Джойнт пен Тайбэй өкілі Се Шувэймен бас жүлдені сарапқа ...

    Read More »

    Теннисшілеріміз қарт құрлықтың төрінен төбе көрсетті

    Бұған дейін хабарлағанымыздай, Александр Бублик, Александр Шевченко, Бейбіт Жұқаев, Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева «Үлкен дулыға» турнирінде көңіл көншітерлік өнер көрсетіп жатыр. Мысалы, Бейбіт Жұқаевтың өзі жас болса да бас бола білетінін дәлелдеп, алғаш рет Уимблдонның іріктеу сынынан сүрінбей өтіп, «Үлкен дулының» кілең мықтылар ойнайтын басты додасына жолдама алды. Осының өзі жас спортшы үшін үлкен жетістік деуге болады. Сол сияқты ...

    Read More »

    Отандастарымыздың теннис турнирлеріндегі жорығы жалғасып жатыр

    Александр Бублик, Александр Шевченко, Бейбіт Жұқаев, Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева «Үлкен дулыға» турниріндегі жарыстарын одан әрі жалғастырып жатыр. Жастар арасында Уимблдонда Әмір Омарханов, Заңғар Нұрланұлы мен Дамир Жалғасбай (іріктеу) ойнайды. Сол сияқты Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 9-ракеткасы Анна Данилина Ұлыбританияның Истбурн қаласында өтіп жатқан WTA 250 турнирінде жаман ойнап жатқан жоқ. Әлемнің 274-ракеткасы Зарина Дияс та Испанияның кортының ...

    Read More »

    Байдарка мен каноэде есу: Қазақстан «Мықтылар кубогында» қола медаль алды

    Белурасьтің Минск қаласында байдарка мен каноэде есуден «Мықтылар кубогы» турнирі болды. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы қола жүлде жеңіп алды. 500 метр қашықтықтағы екілік-байдарка сайысында Татьяна Токарницкая мен Ольга Шмелева үшінші орынға ие болды.  Турнирге тоғыз елдің спортшылары қатысты.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА  

    Read More »

    Almaty арнасы ұйымдастырған аламан

    «Адамзат бөз бермейді сөз береді», деген екен ата—бабамыз. Қазіргі ақпарат жүйелері тоғысып, оқырман қауымға ағыны тасқындап жатқан заманда БАҚ өкілдерінің қызметі еселей түсуде. Сөз тіршіліктің құралы болса, сол сөз құдіретінің тонын теріс айналдырып оқырманның назарына жеткізіп жатқан қаламгерлердің еңбегі адал деп білеміз. Баспасөз бен теледидардың қазақ қоғамындағы ролі ерекше. Оны көзі ашық көркірегі ояу оқырман жақсы біледі. Ахмет Байтұрсыновша айтқанда ...

    Read More »

    Алан Құрманғалиев — үстел теннисінен Жастар ойындарының абсолютті чемпионы!

    Павлодар қаласында үстел теннисінен Жастар ойындары аяқталды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиадалық комитет. Қарағанды қаласының тумасы Алан Құрманғалиев Ойындардың абсолютті чемпионы атанды. Ол жекелей, жұптық және аралас сайыстарда үш алтын медаль жеңіп алды. Ерлер, жекелей сайыс: 1 орын – Алан Құрманғалиев (Қарағанды) 2 орын – Қадырәлі Қабдылуахитов (Павлодар) 3 орын – Темірлан Жиенбаев (ШҚО) 3 орын – Тимофей Герасименко (Астана) Қыздар, ...

    Read More »

    Challenge Cup: Қазақстан спорттық гимнастикадан үш медаль алды

    Ташкент қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup турнирінде ұлттық құраманың үш спортшысы құрмет тұғырының ең биік сатысына  көтерілді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Қоссырық жаттығуының финалында Ильяс Азизов күміс (13.100 ұпай), тағы бір отандасымыз Дмитрий Патанин қола жүлдегер (12.700 ұпай) атанды. Бұл жаттығуда жарыс иесі Акрорхон Темірхонов 13.550 балл жинап, топ жарды. Әйелдер арасында бөрене ...

    Read More »