Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында үстел теннисінен өткен WTT Youth Contender Tashkent 2025 халықаралық турнирі аяқталды. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы жеті жүлдені иеленді. 19 жасқа дейінгі жастар арасында бірінші орынды Алан Құрманғалиев жеңіп алды. Осы санатта Абдулла Мамай мен Ноила Ханиязова аралас жұптар жарысында топ жарса Аделя Алжанова 11 жасқа дейінгі балалар додасында бірінші орынға шықты. Күміс жүлдені Назерке Болатбек ...
Read More »Tag Archives: турнир
Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирінің 1/8 финалына шықты
Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Францияның Париж қаласында өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінің үшінші айналымында жеңіске жетті. Ол латвиялық Елена Остапенконы екі сетте 6:2, 6:2 есебімен жеңді. Енді 1/8 финалда Рыбакина польшалық Ига Швёнтекпен ойнайды. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Гимнастар Evgeniya Cup халықаралық турниріне қатысады
Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Ресейдің Омбы қаласында өтетін Evgeniya Cup турниріне қатысады. Оған қатысатын гимнастардың толық құрамы жарияланды. Жеке бағдарламада бес гимнаст ел намысын қорғайды. Олар — Эрика Жайлауқызы, София Куряченко, Линара Жайлауқызы, Рабия Аманқос пен Валерия Васильева. Топтық жаттығулар бойынша Қазақстанның негізгі және жасөспірімдер құрамасы бақ сынайды. Турнир 29 мамырда басталды. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен қола жүлдегер атанды
Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан WTT Youth Contender халықаралық турнирінде қола медаль жеңіп алды. Ол жарыста төрт рет ойнап, жартылай финалға шықты. Бірақ, 1/2 финалда Бекмұхамбетова қарсыласынан жеңіліп қалды. Осылайша, ол үшінші орынды қанағат тұтты. Бұған дейін Жәния Бекмұхамбетова Болгария мен Испанияда өткен турнирлерде жеңіске жеткен еді. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Нұрсұлтан Алтынбек бокстан Таиландтағы турнирдің қола жүлдегері атанды
Боксшы Нұрсұлтан Алтынбек 55 келі салмақта Таиландтың астанасы – Бангкок қаласында өтіп жатқан Thailand Open халықаралық турнирдің қола жүлдегері атанды. Ол жартылай финалдық жекпе-жекте Таиланд боксшысына 1:4 есебімен жол берді. Оның алдында боксшы ширек финалда жапониялық Мизогучи Сехуроны 5:0 есебімен жеңген болатын. Дәстүрлі турнир 24 мамырда басталған еді. Ол 1 маусымға дейін болады. Оған Қытай, Корея, Жапония, Өзбекстан, Қазақстан, Таиланд ...
Read More »Бибісара Асаубаева Sharjah Masters 2025 супер турнирінде жеңіске жетті
Бүгін БАӘ-де шахматтан өткен Sharjah Masters 2025 супер турнирінде Бибісара Асаубаева өзінің үшінші гроссмейстер нормасын орындап, алғаш рет 2 500 рейтинг межесінен асты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Бибісара Асаубаева 64 гроссмейстер қатысқан турнирде әйелдер арасында ең үздік нәтиже көрсетті (28-орын). Ол әйелдер арасында 2024-25 жылғы маусымдағы Гран-при жеңімпазы Чжу Цзиньир (2541) мен Олимпиада ...
Read More »Әділбек Мусин суға жүзуден халықаралық турнирде жүлде алды
Жүзуден Францияның Канет қаласында өтіп жатқан Mare Nostrum Swim Tour 2025 халықаралық турнирінде Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. 100 метр. Баттерфляй әдісі. Максим Груссе (Париж Олимпиадасының қола жүлдегері) — 51.40 секунд Әділбек Мусин — 51.82 Роман Шевляков (эстафета сайысынан әлем чемпионы) — 51.93 Клемент Секки (Париж Олимпиадасының қола жүлдегері) ...
Read More »Еркін күрестен Қазақстан кубогының алғашқы финалистері анықталды
Астана қаласындағы Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде күрес түрлерінен дәстүрлі Қазақстан кубогы басталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Алғашқы жарыс күнінде еркін күрестен 57, 65, 86, 97, 125 кг салмақта іріктеу кезеңі мен жартылай финалдың белдесулері болды. Жартылай финал нәтижесінде финалға мына балуандар шықты: 57 кг: Әділет Әлмұхамедов (Жамбыл облысы) – Рахат Қалжан (Жамбыл ...
Read More »Рыбакина биылғы маусымдағы алғашқы жеңісіне жетті
Қазақстанның бірінші, әлемнің 12-ракеткасы Елена Рыбакина Францияның Страсбург қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол жарыстың төртінші ракеткасы болып тіркеліп, финалда әлемнің 19-ракеткасы, ресейлік Людмила Самсоновамен ойнады. Бірінші партияда есеп 2:1 болған кезде Рыбакина брейк жасай білді. Содан кейін қарсыласына дес берген жоқ. Есеп — 6:1. Екінші сетте отандасымыз брейкпен алға шыққанымен, Самсонова ...
Read More »Сайыпқыран. Отандасымыз АҚШ-та топ жарды
АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өткен халықаралық таэквондо жарысында Әділет Базарбаев алтын медаль жеңіп алды. 17 мамырда АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында орналасқан Industry Hills Expo Center-де «International Taekwondo Fest 2025» турнирі болды. Бұл жарысқа әлемнің әр түкпірінен келген 300-ден аса спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады. Оған Қазақстан атынан қатысқан Әділет Базарбаев ерекше көзге түсіп, 63 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды. Ол ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары