• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Универсиада

    Қысқы универсиадада Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті

    Биатлоншы Вадим Куралес АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатқан қысқы универсиаданың чемпионы атанды. Вадим Куралес 15 шақырым қашықтықта жекелей сында мәре сызығын бірінші болып қиды. Жарыс жолына 16-болып шыққан Вадим нысана көздеуден бір ғана рет (0+1+0+0) мүлт кетіп, 42:37.4 минут нәтиже көрсетті. Норвегиялық биатлоншы Эрьян Мосенг отандасымыздан 42,6 секундқа қалып қойып, екінші орынға ие болды. Франциялық Аксель Гарнье (+1:16.5) үздік үштікті ...

    Read More »

    Қазақстан хоккейшілері универсиаданы жеңіспен бастады

    АҚШ-тағы Лейк-Плэсид қаласында басталған қысқы универсиада Қазақстан құрамасы Оңтүстік Корея командасымен кездесіп, қарсыластарын 5:1 есебімен жеңді. Қазақстан құрамасында шайбаларды Алдияр Нұрлан (6-минут), Максим Мусоров (26-минут), Кирилл Полохов (35 және 37-минут) пен Максим Мұхаметов (39-минут) соқты. Оңтүстік Корея құрамасында Мин Джэ Чан (21-минут) қақпаны дәл көздеді. Универсиадада Қазақстан құрамасы Венгрия, Ұлыбритания, Словакия және АҚШ құрамаларымен топта өнер көрсетеді. Топтан бірінші және ...

    Read More »

    Универсиада: Қазақстанның қарсыластары анықталды

    Хоккейден Қазақстан ұлттық құрама командасының 2023 жылы Қысқы Универсиададағы қарсыластары белгілі болды. Студенттер ойындары АҚШ-тың Лэйк-Плэси қаласында қаңтар айының 12-22 аралығында өтеді. Қазақстан командасы Оңтүстік Корея, Венгрия, Ұлыбритания, Словакия және АҚШ ойыншыларымен кездеседі. Екінші топта Швеция, Чехия, Канада, Украина, Латвия және Жапония хоккейшелері өзара мықтыны анықтайды.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »