• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Қазақстан

    Қазақстан Лихтенштейннің қақпасына төрт допты тоғытты

    Бүгін Қазақстан құрамасы Лихтенштейн командасымен футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі кезекті матчын ойнады. Матчта ұлттық құрамада Ғалымжан Кенжебектің тамаша ойынымен көзге түсті. Ол әуелі 26-минутта бірінші голын соқты. Содан кейін ол командаласы Бахтиёр Зайнутдиновке пас беріп, соңғысы оны голға айналдыра білді. Екінші таймда да ойынның 57-минутында Ғалымжан Кенжебек тағы да Лихтенштейннің қақпасын нысанаға алды. Ал 81-минутта Әлібек Қасым ...

    Read More »

    III ТМД елдері ойындары: Қазақстан құрамасы 82 жүлдемен келе жатыр

    Бүгін Әзербайжанда III ТМД елдері ойындары мәресіне жетті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Жеті қалада қатар өткен кешенді жарыста Қазақстан құрамасының спортшылары 10 алтын, 24 күміс, 48 қола (барлығы 82) медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 5-орыннан көрінді. Жекелеген спорт түрлері бойынша нәтижеміз мынадай: Каратэ (WKF) – 3 алтын, 3 күміс, 2 қола жүлде: Таеквондо ...

    Read More »

    Қазақстан Азия чемпионатында 11 медаль жеңіп алды

    Бүгін Үндістанда су спорты түрлерінен Азия чемпионатында көркем жүзуден соңғы жүлде жиынтығы сарапқа салынды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Командалық акробатика бәсекесінде Қазақстан құрамасы қарсылас шақ келтірмей, үздік атанды. Бұл сында ел намысын Карина Магрупова, Наргиза Болатова, Ксения Макарова, Әйгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова, Валерия Столбунова, Жаклин Якимова мен Виктор Друзин қорғады. Барлық жарыс күндерінің қорытындысы бойынша ...

    Read More »

    III ТМД елдері ойындары: Қазақстан батуттағы гимнастикадан екі медаль жеңіп алды

    Әзербайжанның Шеки қаласында батуттағы гимнастикадан III ТМД елдері ойындарының кезекті жүлделері сарапқа салынды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. 3 қазанда кешке Қазақстан құрамасының спортшылары 2 медальға ие болды. Қазақстан құрамасы (Ерлан Тасмағамбетов пен Виктория Бутолина) – қола медаль Никита Тумаков (жекелей сын) – қола жүлде Ерлер арасындағы синхронды секіруде Ерлан Тасмағамбетов пен Роман Барков ...

    Read More »

    Шыңжаң – Қазақстан мен Қытайдың арасын жалғайтын алтын көпір

    Алматыдағы ҚХР бас консулы Цзян Вэй бірқатар журналистермен ресми түрде брифинг өткізіп, Шыңжаң өлкесінің дамуына ерекше тоқталды. Брифингте ҚХР бас консулы Цзян Вэй қаламгерлердің толғандырған сұрақтарына жауап берді. Жуырда біраз журналист Шыңжаң -Ұйғыр автономиялық ауданына пресс-тур сапарымен барған болатын. Себебі, биыл Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының құрылғанына 70 жыл толған еді. Сол іс-шара аясында ҚХР төрағасы Си Цзиньпин бұл мерейтойға арналған салтанатты ...

    Read More »

    WTT Youth Contender: Қазақстан үстел теннисінен 12 медаль жеңіп алды

    Үстел теннисінен Грузияның Батуми қаласында халықаралық WTT Youth Contender турнирі аяқталды. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы 12 медаль жеңіп алды. Оның төртеуі – алтын жүлде, деп хабарлады Қазақстан үстел теннисі федерациясы. Жекелей сайыс, 13 жасқа дейін 1 орын — Жәния Бекмұхамбетова 1 орын — Нұрдәулет Азаматұлы Аралас жұп, 19 жасқа дейін 1 орын — Алан Құрманғалиев / Каролина Хольда (Қазақстан/Польша) Аралас ...

    Read More »

    Бокстан ӘЧ: Қазақстан алтын жүлдені санап алып жатыр

    Бокстан Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстанның ерлер және әйелдер құрама командалары алтын жүлде үшін жан алысып, жан беріскен таласта алдына жан салмай келеді. Бүгін бірінші болып жүлдені Назым Қызайбай жеңіп алды. Ол 48 келіге дейінгі салмақтың финалдық жекпе-жегінде үнді Минакшимен қолғап түйістірді. Алғашқы раундта Минакши 4:1 есебімен басым түсті. Екінші раунд 3:2 есебімен Назым Қызайбайдың пайдасына аяқталды. ...

    Read More »

    Дзюдодан АЧ: Қазақстан алғашқы алтын жүлдені жеңіп алды

    Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қоржынына Индонезияның астанасы Джакарта қаласында басталған Азия чемпионатында 1 алтын, 3 күміс және 5 қола түсті. Ел құрамасынан Фархат Зейнолла (50 кг) чемпион атанса, Бекнұр Амангелді (55 кг), Таңжарық Момынтай (60 кг), Заманбек Бақтығали (66 кг) күміс медаль алды. Ал Әбіш Пердалы (50 кг), Аслан Ерғалиев (55 кг), Зере Талғатқызы (40 кг), Аяжан Ринатқызы (48 кг) ...

    Read More »

    II Түркі Универсиадасы: Қазақстан қоржынында әзірше бес алтын жүлде бар

    Осы күндері Қырғыз Республикасының Чолпон-Ата қаласында жоғары оқу орындарының студенттері арасында III Түркі Универсиадасы болып жатыр. Универсиада 3 қыркүйекте басталды. Ол 9 қыркүйекте аяқталады.  Оған Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің (Қазақстан Республикасы, Әзербайжан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Түркия Республикасы, Өзбекстан Республикасы) студент-спортшылары қатысуда. Жарыс волейбол, футзал, үстел теннисі, шахмат, дзюдо, еркін күрес және грек-рим күресі сияқты 7 спорт түрі бойынша өтіп ...

    Read More »

    Дзюдошылар әлем чемпионатынан бес медаль алып келді

    Болгарияның астанасы — София қаласында дзюдодан кадеттер арасында әлем чемпионаты аяқталды. Осы жарыста Қазақстан құрамасы бес медальді жеңіп алды. 60 келіге дейінгі салмақта Ернұр Батырғали құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілді. 66 келіге дейінгі салмақта Мұхаммедәлі Жылқайдар күміс жүлдені иеленді. Ал 50 келіге дейінгі салмақта Арман Мыса, 66 келіге дейінгі салмақта Ролан Қайырғали және 90 келіден аса салмақта Әділжан Жаудинов ...

    Read More »