• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Қазақстан

    Сайыпқыран: Дзюдо мен таеквондодан жүлделер келе жатыр

    Ернұр Батырғали – әлем чемпионы! Болгарияның астанасы София қаласында Қазақстан құрамасы дзюдодан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында алғашқы алтын медалін жеңіп алды. Бұл көптен күткен алтын жүлдені құрама командаға 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ернұр Батырғали алып берді. Ол финалда Тәжікстан құрамасының өкілі Лоик Кудбудиновты жеңді. Бұған дейін әлем чемпионатында Арман Мыса (50 келіге дейін) үшінші орын алған еді. Содан кейін ...

    Read More »

    Волейболдан ӘЧ: Қазақстан жастар құрамасы плей-оффқа жолдама алды

    Волейболдан Қазақстан ерлер құрамасы  Қытайдың Цзянмэнь қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында плей-оффқа жолдама алды. Құрама команда B тобында бесінші орында тұрған еді. Ал 1/8 финалға тек үздік төрт команда шығады. Сондықтан  Қазақстан құрамасына Оңтүстік Корея командасын жеңуді алдына мақсат етіп қойып, қарсыласын 3:1 есебімен жеңді. Енді жастар командасы әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде ойнайды.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА  

    Read More »

    Қазақстан құрамасының Уэльспен және Бельгиямен матчтарға ойыншыларының соңғы тізімі

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Әли Әлиев қыркүйек айында болатын Уэльспен және Бельгиямен матчтарға шақырылған ойыншылардың соңғы тізімін жариялады, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»); Қорғаушылар: Әлібек Қасым, («Ақтөбе»), Ян Вороговский («Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Наурызбек Жагоров («Тобыл»), Еркін Тапалов («Қайрат»), Сергей Малый, Ұлар Жаксыбаев, Сұлтанбек Астанов (бәрі – «Ордабасы»); Жартылай қорғаушылар: Ислам ...

    Read More »

    Күрестен ӘЧ: Қазақстан төртінші жүлдесін жеңіп алды

    Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатындағы белдесулерін аяқтады. Дүбірлі доданың соңғы күні екі отандасымыз бозкілемге шықты. Бірінші болып 87 келіге едйінгі салмақта Темірлан Тұрдақын күресті. Ол қола медаль үшін белдесуде Әзербайжан спортшысы Орхан Гаджиевті жеңді. Одан кейін 63 келіге дейінгі салмақта Дамир Ибраишов та үшінші орын үшін күш сынасты. Алайда ол Ресей балуаны Игорь Пунченкодан ...

    Read More »

    Күрестен ӘЧ: Диас Сейітқалиев U20 санатында күміс жүлдегер атанды

    Балуан Диас Сейітқалиев грек-рим күресінен Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды. Ол 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде құрмет тұғырының екінші сатысына көтерілді. Финалда Сейітқалиев Михаил Шкаринге 1:4 есебімен жеңілді. Осылайша, грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлде түсті. Енді ертең  Арсен Жұма (55 келіге дейін) қола жүлде үшін күреседі.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА  

    Read More »

    Мергендер Азия чемпионатында 9 медаль жеңіп алды

    16–30 тамыз аралығында Шымкент қаласында нысана көздеу спортынан өтіп жатқан XVI Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетіп жатыр. Қазір ұлттық құрама команда 9 медальді атап айтқанда, 2 алтын, 1 күміс және 6 қола жүлдені жеңіп алды. Елімізге алғашқы алтынды Ислам Сатпаев сыйлады. 10 метрлік пневматикалық винтовка жаттығуының финалында Алматы қаласының өкілі, Париж-2024 Олимпиадасының қола жүлдегері қытайлық және кореялық қарсыластарын ...

    Read More »

    Silk Road to Tokyo: Қазақстан жеңіл атлеттері төрт алтын жүлде алды

    Өзбекстанның Ташкент қаласында жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы Silk Road to Tokyo WA Continental Tour Bronze халықаралық турнирінде төрт рет еліміздің әнұранын ойнатып, туын жебіретті. Аделина Земс (400 метрге кедергілер арқылы жүгіру) мен Артур Гафнер (найза лақтыру) турнирдің жеңімпазы атанса, әйелдер арасындағы 4×400 метрлік эстафетада Александра Залюбовская, Аделина Земс, Виктория Ан мен Ирина Конищева және аралас 4×400 метрлік эстафетада Алмат Төлебаев, ...

    Read More »

    Kazakhstan Open 2025: Қаазақстан қоржыны 107 медальмен толықты

    Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында таеквондодан Kazakhstan Open 2025 халықаралық рейтингілік турнирі мәресене жетті. Бұл туралы Қазақстан таеквондо (WT) федерациясы хабарлады. Бүгін даянгқа 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер шығып, 20 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы 68 медаль алып, көш бастады. Екінші орынға Жеке бейтарап спортшылар (AIN), үшінші орынға Палестина спортшылары тұрақтады. Жүлделі орындар төмендегідей: Ұлдар  33 ...

    Read More »

    Cлаломды есуден АЧ: Қазақстан тағы екі жүлде алды

    Қытайдың Сяси қаласында слаломды есуден өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы екі медальді жеңіп алды. Оның екеуі де қола жүлде. Үшінші орынға Анастасия Ананьева мен Александр Куликов көтерілді. Олар каное жалғыз дисциплинасында жүлдегер атанды. Қазір Қазақстан құрамасында үш жүлде бар. Бұған дейін Екатерина Таранцева (байдарка жалғыз) күміс медаль иеленген еді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА  

    Read More »

    Слаломды есуден АЧ: Екатерина Таранцева — күміс жүлдегер!

    Қытайдың Сиаси қаласында слаломды есуден Азия чемпионаты жалауын көтерді. Чемпионаттың бірінші күні Қазақстан құрамасының қоржынына бір күміс медаль түсті. Оны байдарка жалғыз дисциплинасында Екатерина Таранцева 104.82 нәтижесімен жеңіп алды. Ол мәреге екенші болып жетті. Азия чемпионаты 17 тамызға дейін болады.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА    

    Read More »