• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: қысқы спорт

    2026 жылғы Олимпиадаға билетті қалай сатып алуға болады?

    Италияда келесі жылы 6-22 ақпан аралығында өтетін қысқы Олимпиада ойындарының басталуына 50 күннен аз уақыт қалды. Осыған байланысты Ұлттық Олимпиялық комитеттің ресми сайты Olympic.kz жарыстарды трибунадан тамашалауды жоспарлап отырған жанкүйерлерге арнап арнайы нұсқаулық әзірледі. Билеттерді сату тәртібі 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына билеттер тек цифрлық форматта сатылады. Ұйымдастыру комитеті билеттерді тарататын жалғыз ресми арналар — Олимпиада ойындарының ресми билет платформасы мен Халықаралық ...

    Read More »

    Қазақстан қысқы Олимпиадаға тағы 12 лицензия жеңіп алды

    Конькимен жүгіруден 14 қараша мен 14 желтоқсан аралығында АҚШ, Канада, Нидерланд және Норвегияда өткен Әлем кубогы кезеңдерінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 12 лицензия жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. -Лицензия иегерлерінің есімі мен спортшылар саны ұлттық құрама бас жаттықтырушысының шешімінен кейін белгілі болады. Болжам бойынша, 2026 жылғы қысқы Олимпиадада конькимен жүгіруден ел намысын 5 спортшы қорғайды. Естеріңізге сала ...

    Read More »

    VI қысқы Спартакиадада сенсация болды

    Бүгін Риддер қаласында өтіп жатқан тау шаңғысынан VI қысқы Спартакиадада кезекті жүлделер сарапқа салынды, деп хабарлады ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Үзілістен кейін спортшылар альпі комбинациясында жарысты. Нәтижесі мынадай: Альпі комбинациясы, әйелдер: Далель Толкунова (Алматы қаласы) 1.42:16 секунд Мария Шкабарова (Алматы қаласы) 1.42:19 Яна Мелинг (ШҚО) 1.44:36 Ерлер: Ростислав Хохлов (Алматы қаласы) 1.34.83 секунд Захар ...

    Read More »

    Кирилл Бауэр Универсиаданың қола жүлдесін жеңіп алды (ВИДЕО)

    Италияның Турин қаласында өтіп жатқан XXXII қысқы Универсиадада биатлоншы Кирилл Бауэр қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Ол масс-стартта үздік үштіктен көрінді. Бұл — Қазақстан биатлоншылардың осы ойындардағы үшінші медалі. Осыған дейін Арина Крюкова 7,5 шақырым спринтте қола медаль жеңіп алса, Никита Акимов топ жарған. Кирилл Бауэр — Қазақ спорт және туризм академиясының ...

    Read More »

    Жапония Қазақстаннан ескі әнұран үшін кешірім сұрады

    Жапонияның конькишілер федерациясы марапаттау рәсімінде еліміздің ескі әнұранын пайдаланғаны үшін Қазақстан құрамасынан кешірім сұрады. 17 қарашада Төрт құрлық чемпионатында жеңіске жеткен Виталий Щиголевті алтын жүлдемен марапаттау рәсімінде ұйымдастырушылар (Хатинохе, Жапония) Қазақстанның ескі әнұранын қосқан болатын. Осы оқиғадан кейін Қазақстан конькишілер одағы ISU мен жарысты ұйымдастыру комитетіне хат жолдап, түсініктеме беруді сұрады.   SportPress-ақпарат    

    Read More »

    Министрлікке қысқы спорт түрлерінен командалар есеп беріп жатыр

    Астана қаласында қысқы спорт түрлерінен ұлттық құрама командалардың бас жаттықтырушыларының 2023-2024 жылғы қысқы маусымды қорытындылап, алдағы маусымға дайындықты пысықтауға арналған есеп беру кездесулері болып жатыр, деп хабарлады ТСМ Спортты дамыту дирекциясы. Ұлттық шаңғышылар қауымдастығы өкілдері мен мемлекеттік жаттықтырушылар Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасының орынбасары Азамат Имашев пен Спортты дамыту дирекциясының өкілдеріне есеп берді. Атап ...

    Read More »

    Астанада IV қысқы жастар спорт ойындары аяқталды

    Бүгін Астана қаласындағы «Алау» мұзайдынында конькимен жүгіруден IV қысқы жастар спорт ойындары мәресіне жетті. Жарыстың соңғы күні 1500 метр мен масс-стартта үздіктер анықталды. Әйелдер арасында 1500 метрде астаналық Алина Дауранова қарсылас шақ келтірген жоқ. Дарья Гаврилова (Астана) күміс, Алена Лифатова (Павлодар облысы) қола медальге ие болды. Ерлер арасында Вадим Якубовский (Қостанай облысы) чемпион атанса, Роман Биназаров (Қостанай облысы) пен Михаил Глущенко ...

    Read More »

    Ресейде ІІ «Азия балалары» ойындары басталды (ФОТО)

    Бүгін Ресей Федерациясының Кемерево қаласында қысқы спорт түрлерінен ІІ «Азия балалары» ойындары басталды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы хабарлады. Әуелі «Кузбасс» мұз сарайындағы ұлттық құрамалар шеруінде еліміздің туын шорт-трекші Санжар Бекежан ұстап шықты. Алдағы күндері Қазақстан осы халықаралық жарыста 6 спорт түрінен сынға түсетін 64 атлеттің жолына үмітпен қарайды. Алғаш рет халықаралық жарысқа келген Қазақстан құрамасының ...

    Read More »