• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Өзбекстан

    Даму кубогы: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы екінші рет жеңіске жетті (ВИДЕО)

    Беларусьтің Минск қаласында футболдан 17 жасқа дейінгі жастар арасында өтіп жатқан Даму кубогы үшін халықаралық турнирде Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Өзбекстан командасын 3:0 есебімен ұтты. Кездесуде алғаш болып 10-минутта жартылай қорғаушы Ілияс Әбіл есеп ашты. Ал 20-минутта шабуылшы Темірлан Ағыманов есепті еселей түсті. Одан кейін Виктор Лакеев 80-минутта үшінші допты торға тулатты. Кездесуде ел құрамасынан үздік ойыншы болып Ілияс Әбіл танылды. ...

    Read More »

    Біздің боксшылар қазақтардан мықты – Өзбекстанның Олимпиада чемпионы мәлімдеме жасады

    Токио Олимпиадасының чемпионы Баходир Жалолов Өзбекстанның БАҚ-тарына берген сұхбатында Қазақстан мен Өзбекстан боксын салыстырып, қай елдің шаршы алаңда мықты екенін айтты.   Боксшы таяуда Таиландта өткен 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатының Өзбекстанның жеке жарысына айналғанын атап өтті. Азия чемпионатында біздің елдің бокмсшылары 10 салмақ дәрежесінде болған айқастарда 9 алтын медальді жеңіп алды. Мұндай жағдай тарихта бұрын-соңды болмаған. Рас, былтыр әлем ...

    Read More »

    Каратэшілер Азия чемпионатын екінші орынмен аяқтады

    Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында WKF каратэден Азия чемпионаты мәресіне жетті. «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-тың хабаруаныша, жарыстың соңғы күні ересектер жекелей және командалық сында жүлделі орындарды сарапқа салды. Жекелей сында Әсел Қанай 61 келіге дейінгі салмақта алтын жүлде алса, Низамиддин Халматов (-55 кг), Софья Берульцева ( +68 кг), Нұрнияз Елдашов (+84 кг) күміс медальге, Нұрқанат Әжіқанов (-75 кг) пен Дидар Әмірәлі ...

    Read More »

    Қазақстан мен Өзбекстан футболды бірігіп дамытуды қолға алды

    Ташкент қаласында Өзбекстан футбол қауымдастығының бірінші вице-президенті Равшан Ирматов пен Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов кездесіп, Орталық Азияда футболдың дамуына ықпал ететін үлкен синергияны құру мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат федерациялар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, Орталық Азиядағы футболды насихаттауға, дамытуға, барлық санаттағы ұлттық құрамалардың жолдастық матчтарын ұйымдастыруға және меморандумға қол қойған елдерде өткізілетін халықаралық турнирлерге қатысуға арналған. Меморандумға ...

    Read More »

    Қазақстан құрамасы Өзбекстаннан ұтылып қалды

    Футболдан Қазақстан құрамасы сырт алаңда Өзбекстанмен жолдастық кездесу өткізді.  Ташкент қаласындағы «Пахтакор» стадионында өткен Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы жолдастық ойын 2:0 есебімен аяқталды. Голдың авторлары: Эркинов 12 (1:0), Шомуродов 45 (2:0). Енді Қазақстан ұлттық құрамасы 19 қараша күні Біріккен Араб Әмірліктерімен кездеседі. Өзбекстанға қарсы матчтың екінші таймында алаңға екі жылдық үзілістен соң Бауыржан Исламхан шықты. Оған жартылай қорғаушы Асхат Тағыберген ...

    Read More »

    Қазақстан — Өзбекстан: команданың тізімін жарияланды

    Өзбекстан мен БАӘ құрама командаларымен жолдастық кездесу өткізетін Қазақстан ұлттық құрамасына шақыртылған футболшылардың тізімі жарияланды. Тізімге футболдан екі жылға шеттетілген Бауыржан Исламхан да енді. Футболшы соңғы рет ел құрамасы сапында 2020 жылдың қыркүйегінде Беларусь командасына қарсы ойнады. Өзбекстан мен Қазақстан құрамалары арасындағы жолдастық матч 16 қарашада Ташкентте, БАӘ құрамасына қарсы матч 19 қараша күні Әбу-Даби қаласында өтеді. Ұлттық құрамаға шақырылған ...

    Read More »

    Әлемдік дода Ташкентте өтеді

    Бокстан 2023 жылғы әлем чемпионаты Өзбекстанның бас шаһары –Ташкентте өтеді.  Бұл жайында АИБА-ның президенті Умар Кремлев мәлімдеді.   Осындай маңызды жарыстың Ташкентте өтуі тегін емес. Соңғы кездері айтулы мемлекеттің былғары қолғап шеберлері толағай табыстарға қол жеткізіп жүр. Оны мойындауға тиіспіз. Мәселен, 2016 жылы Рио-де-Жанейрода алауы тұтанған Олимпия ойындарында 3 алтын, 2 күміс және 2 қола медальді олжалаған Өзбекстан құрамасы жалпы командалық ...

    Read More »