• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Атырауда қазақ күресінен жарыс өтті

    Бүгін Атырау қаласындағы №1 БЖСМ спорт залында қазақ күресінен кіші жасөспірімдер арасында «Спорт жұлдыздары» журналының жүлдесі үшін ІІ батыс аймақтық ашық турнир өтті.

    Мектептің спорт залы əдемі безендіріліп, екі ақ шаңқай киіз үй тігілгені жарысқа қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

    Спорт мектебінің директоры Бимырза Тайжановтың құттықтау сөзімен ашылған турнирде журналдың бас редакторы Мұсағали Тасқалиев турнирдің негізгі ұйымдастырушысы, облыстық қазақ күрес федерациясының президенті Мақсот Айтжанұлы мен турнирдің бас демеушісі Мұрат Сармановқа «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін» медалін табыс етсе, өз кезегінде Мақсот Айтжанұлы мектеп директоры Бимырза Аманкелдіұлы мен бас редактордың орынбасары Еркін Бақтияровқа Азия қазақ күрес федерациясының президенті Серік Кененбайдың атынан «Қазақ күресін дамытуға қосқан үлесі үшін» омырау белгісімен марапаттады.

    Қатысушыларға арнап «Ерке-Наз» триосы мен «Інжу-Маржан» халықтық би ансамблі өнер көрсетті.

    Турнирге Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарынан 100-ге жуық палуан 7 салмақ дəрежесінде сынға түсіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдар мен дипломдарға ие болды.

    Алтын ҒАБИТҚЫЗЫ,

    АТЫРАУ

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *