• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Ұлттық құрама тағы ұпайсыз қалды

    Бүгін «Астана-Арена» стадионында футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінің аясында Қазақстан ұлттық құрамасы Финляндия командасымен кездесіп, 0:2 есебімен жеңіліп қалды.

    Бұл кездесуде Суоми елінің сайыпқырандары өте сауатты ойын өрнегін көрсетіп, алаң иелеріне гол соғуды былай тұрмақ, қауіпті жағдай жасаудың өзіне ешқандай мүмкіндік бермеді. Олар ойынның бірінші минутынан бастап, допқа өздері иелік етіп,  біздің құрама команданы жүгіртіп шаршатуға тырысты. Финдер бір-біріне дәл пас беріп, алаңның барлық жерінде допқа жақсы таласып, ара-тұра қауіпті шабуылдар ұйымдастырып, Шацкий қорғаған қақпаны нысанаға алып отырды.

    Қазақстан құрамасы да матчтың бірінші таймы бітуге санаулы минуттар қалғанға дейін қарсыластарымен тең ойнауға тырысты. Алайда, әлем чемпионатына қатысып, небір мықты командалармен иық теңестіріп ойнаған Суоми елінің саңлақтары қорғаныста сауатты ойнап, алаң иелеріне қауіпті жағдай жасауды ойлауға да еш мүмкіндік бермеді.

    Біздің құрама финдердің шабуылына тойтарыс бере алмай, ақыр соңында өз айыпдоп алаңында болмашы бір қатеден гол жіберіп алды. Финдер болса, ондай қателікті босқа жібермей, бір-біріне дәл пас беріп, допты әп-сәтте темір торға тулатты. 45 минутта Теему Пукки нысананы дәл көздеді. Финляндия құрамасында екінші допты да осы жігіт соқты. Ол 48 минутта дубльдің авторы атанды. Сөйтіп, отандастарымыз қарсыластардан тәжірибе жағынан да шеберлік жағынан да жеңіліп, тағы да сан соғып қалды. Мұның алдында командамыз Босния және Герцоговина құрамасымен кездесіп, дәл осындай есеппен ұтылған еді. Осы екі жеңіліс еліміздің бас командасына турнир кестесіндегі жағдайын одан сайын қиындатып жіберді. Енді Қазақстан құрамасы келесі матчын Франция командасымен ойнайды. Одан кейін 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінің шымылдырығын жабады. Франциямен ойын 13 қараша күні болады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    Ілияс ОМАРОВ (фото)

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *