• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Түркі елдерінің турнирі ту тікті

    Бүгін «Астана Арена» стадионында футболдан алғаш рет Түркі кеңесінің дипломатиялық өкілдіктері, бақылаушы елдері мен Қазақстанда тіркелген халықаралық ұйымдардың арасында турнир өтті.

    Іс-шара түркітілдес елдердің ынтымақтастық күніне және түркі мемлекеттері тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды.

    Турнирге барлығы 11 команда қатысты. Жарыста  Әзірбайжан, Венгрия, Қырғызстан, Түркіменстан, Түркия, Өзбекстан елшіліктері мен Халықаралық Түркі академиясы, Азиядағы өзара ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі кеңестің хатшылықтары (АӨСШК) және азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының (IOFS) командалары күш сынасты. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне екі команданы қатыстырды.

    Жарыстың ашылу салтанатында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі.

    Ал турнирде Венгрия Елшілігінің командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды Қазақстан сыртқы саясат ведомствосы командаларының бірі жеңіп алды. Үшінші орынды Халықаралық Түркі академиясы иеленді.

     

    Ілияс ОМАРОВ

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *