• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Конькиші Надежда Морозова Әлем кубогынан қола жүлде алды

    Надежда Морозова конькимен жүгіруден Канаданың Калгари қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының 4-кезеңінде мәре сызығын үшінші болып қиды.

    Жарыстың екінші күнінде Надежда Морозова 1500 метрге жарыста мәреге үшінші болып келді. Ол тек жапон Михо Такаги мен нидерландтық Антуанетта Рийпма-де Йонгті ғана алға жіберіп алды.

    Бір апта бұрын отандасымыз Калгариде өткен 3-кезеңде 1500 метрде Надежда күміс жүлде алған еді. Ал одан бұрын конькиші Денис Никиша Алматыда өтіп жатқан шорт-тректен Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдесін жеңіп алды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *