• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Australian Open-2023: финалда Елена Рыбакина мен Арина Соболенко кездеседі

    Теннисші Елена Рыбакина Австралия-2023 Ашық чемпионаты финалында Беларусьтің өкілі, әлемнің бесінші ракеткасы Арина Соболенкомен кездеседі.

    Рыбакина жартылай финалда Соболенконың отандасы Виктория Азаренконы жеңген еді. Ол 1 сағат 41 минутқа созылған матчта қарсыласын 7:6, 6:3 есебімен ұтқан болатын.

    Ал Арина Соболенко жартылай финалда Польша теннисшісі Магда Линетті 7:6, 6:2 есебімен ұтты. Соболенко мен Рыбакина арасындағы финал 28 қаңтарда, Астана уақыты бойынша сағат 14:30-да «Род Лейвер аренасында» өтеді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *