• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Түркияда асық атудан Еуразия кубогы басталды

    Түркияның Анталия қаласында асық ату мен тоғызқұмалақтан Еуразия кубогы басталды. Оған Қазақстан құрамасы сапында асық атудан 3 команда болса, Түркия 5 команда қатыстыруда.

    Бұдан басқа Қырғызстан, Чехия, Германия және Румыниядан келген асықшылар жарыс көрігін қыздыруда. Жалпы алғанда асық ату мен бес асықтан барлығы 66 спортшы сынға түсуде.

    Кеше жарыстың бірінші күні алдын-ала ойындар болды. Бүгін де өзара мықтылар анықталып, 2 ақпан күні жартылай финалға шыққандардар белгілі болады. Финалдық ойындар 3 ақпан күні өтіп, Еуразия кубогының иегерлері анықталады.

    Назарларыңызға Түркияда ел намысын қорғап жатқан ұлттық құрама мүшелері тізімін ұсынамыз:

    АСЫҚ АТУ

    «Қазақстан -1»

    1. Еркебай Сәрсеков
    2. Тимур Әбілов
    3. Қалибек Қуан

    «Қазақстан -2»

    1. Саят Қизат
    2. Алмас Жармағамбетов

    «Қазақстан -3»

    1. Қайрат Жетпісов
    2. Қуат Бораналин

    «Қазақстан – 1» құрамасы сапындағы Еркебай Сәрсеков – былтыр  Румынияда өткен Әлем кубогының жеңімпазы.

    БЕС АСЫҚ

    «Қазақстан -1»

    1. Сәния Зейкенова
    2. Мереке Шанабай

    «Қазақстан -2»

    1. Мерей Сүлеймен
    2. Көгершін Думан

    Бес асықтан ұлттық құрама мүшесі — Сәния Зейкенова Азия чемпионатының жүлдегері. Додаға Қырғызстаннан келген халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Искендер Кожокеев пен Нурмухамед Абдоловтар да қатысуда. Еуразия кубогына Жомарт Сабыржанов бастаған төрешілер Самат Аукенов пен Ағжан Сұрағановтар әділқазылық етуде.

     

    Мұсағали ТАСҚАЛИЕВ,

    АҚТӨБЕ

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *