• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қазақстан командасы дзюдодан Еуропа кубогының иегері атанды

    Латвияның астанасы – Рига қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Еуропа кубогы мәресіне жетті, деп хабарлады Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі.

    Федерация мәлім еткендей, 18 – 19 наурызда өткен жарыс қорытындысында ел құрамасы 3 алтын, 2 күміс және 2 қола жүлдемен жалпы медаль кестесінде көш бастады.

    Финляндия құрамасы екінші, Украина дзюдошылары үшінші орыннан көрінді.

    Қазақстандықтардан Бақытжан Абдурахманов (73 кг), Айбол Нысанәлі (81 кг) және Ерасыл Қажыбаев (+100 кг) өз салмақ дәрежелері бойынша жеңімпаз атанса, Нұрзат Сәлімбаев (66 кг) пен Еламан Ерғалиев (+100 кг) күміс, Еламан Сұлтанбай (66 кг) мен Руслан Мұсаев (81 кг) қола жүлдеге ие болды.

    Айтулы додаға 24 елден 200-ге жуық спортшы қатысып, бақ сынады.

     

     

    Дастан КЕНЖАЛИН

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *