• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Пара спортшылар Мысырда үстел теннисінен екі медаль жеңіп алды

    Мысыр елінде пара үстел теннисінен өткен Fa40 ашық чемпионатында еліміздің спортшылары 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Жарыста аралас жұп разрядында өнер көрсеткен Талғат Эрекеев пен Алтынай Ержанқызы күміс медальді иеленді. Ал, жұптық разрядтағы бәсекеде Али Махулбеков пен Талғат Эрекеев қола жүлдені қанағант тұтты. Fa40 ашық чемпионаты Паралимпиада ойындарына қатысу үшін рейтингтік ...

    Read More »

    Жанерке Көшкімбаева үстел теннисінен Катарда топ жарды

    Үстел теннисінен спорт шебері Жанкерке Көшкімбаева Катардың астанасы — Дохада өткен WTT Youth Contender турнирінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz.  19 жастағы спортшы Бахрейн, Катар, Литва, Пәкістан спортшыларынан басым түсті. Бұған дейін ол Қазақстан чемпионатында командалық сында топ жарып, жұптық сында жеңіске жеткен еді. WTT Youth Contender турнирінде бұған дейін Алан Құрманғалиев бірінші орын алған болатын.

    Read More »

    Біз үшін үлкен қуаныш әрі жауапкершілік — Даниал Ахметов

    Бүгін Астанадағы Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде World Athletics Indoor Tour Gold 2024 аясында Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes халықаралық жеңіл атлетика турнирі қарсаңындағы баспасөз жиыны өтті, деп хабарлады Жеңіл атлетика федерациясы. Жиынға Жеңіл атлетика федерациясының президенті Даниал Ахметов, Дүниежүзілік жеңіл атлетика өкілі Пирс Окаллахан, 2020 жылғы Олимпиада чемпионы және әлем рекордшысы Арманд Дуплантис, сондай-ақ жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының ...

    Read More »

    Андрей Шевченко Украина футбол қауымдастығының басшысы болды

    Украинаның атақты футболшысы Андрей Шевченко жаңа қызметке тағайындалды. Ол Украина футбол қауымдастығының президенті болып сайланды. Бұл қызметке Шевченко жалғыз үміткер болды. Бұған дейін қауымдастықты Андрей Павелко басқарды. Ол былтыр қаражат жымқырды деген күдікпен ұйымнан аластатылды. Андрей Шевченко 19876 жылы Киев облысында туған. 47 жаста. Ол — Киевтің «Динамо» футбол клубының түлегі. 1986-1993 жылдары осы клубтың жастар жасағында ойнап, 1993-1999 жылдары, ...

    Read More »

    Қазақстандық үш кәсіпкер халықаралық Aurora Tech Award 2024 байқауының шорт-листінe енді  

    InDrive компаниясы құрған Aurora Tech Award 2024 сыйлығы байқаудың шорт-листін жариялады. Оған 20 стартаптың негізін қалаған әйелдер кірді. Оның үшеуі Қазақстанның өкілдері. Байқауға 102 елден барлығы 649 өтінім келіп түсті. Шорт-листке Your Accessible Guide-нің негізін қалаған Надежда Анпилогова, Porte Tech-ді құрған Айдана Айтуарова мен Ozim платформасын жасаған Әсем Тажиева кірді. Өткен жылғы Aurora Tech сыйлығының жеңімпаздары мен әлемнің әйгілі салалық ...

    Read More »

    Азия кубогы: Өзбекстан мен Тәжікстан плей-оффқа шықты

    Осы күндері Катарда футболдан Азия кубогы жолындағы турнир болып жатыр. Турнир 12 қаңтарда басталған. 10 ақпанда финал болады. Сол күні сарықұрлықтың биылғы кубогының иегері анықталады. Биылғы додаға қалыптасқан дәстүр бойынша 24 елдің ұлттық құрамалары қатысуда. Кеше өз топтарында алғашқы екі орынды жеңіп алған 16 команда 1/8 финалға шықты. Өз топтарында үшінші және тқртынші орында қалған басқа құрамалар турнирмен қош айтысты. ...

    Read More »

    Аударма саласындағы өзекті мәселе қандай?

    «Қытай тарихындағы ғылым өнертабыстары»  кітабының тұсауы кесілді. Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында «Қытай әдебиетін қазақ тіліне аудару ерекшелігі» атты дөңгелек үстел өтті. ҚР Ұлттық кітапханасы, Мәдениет және ақпарат министрлігі, Халықаралық «Шанс» компаниясы, «Шығыс әдебиеті» баспа компаниясы ұйымдастырған дөңгелек үстел барысында аударма саласының өзекті мәселелері кеңінен талқыланды. Қытай мәдениеті мен әдебиеті залының құрылғанына 20 жыл толуына орай өткен шара ...

    Read More »

    АҚШ-та жүйрік атқа Елена Рыбакинаның есімі берілді

    АҚШ-та жүйрік атқа теннистен еліміздің бірінші, әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакинаның есімі берілді, деп хабарлады Rraketkasi Telegram-арнасы. Америка Құрама Штаттарында былтырдан бері «Рыбакина» деген лақап аты бар үш жасар жылқы жарыстарға  қостырылып келеді. Ол осы уақытқа дейін екі жарысқа қатыстырылып, оның бірінде үшінші орын алды. Қолда бар мәліметке қарағанда, «Рыбакинаның» жалпы табысы дәл қазір 7 340 доллар болып отыр, — ...

    Read More »

    Мемлекет басшысы Footlab футбол орталығының жұмысымен танысты

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Алматы қаласына жұмыс сапары Footlab футбол орталығының қызметімен танысудан басталды, деп хабарлады Ақорда. Президентке жаңа орталықтың серпінді режимде жұмыс істей бастағаны туралы мәлімет берілді. Мұнда қазір жоғары білікті 8 жаттықтырушы 50 баланы жаттықтырып жатыр. Smart Football жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысы Мұрат Медеуовтің айтуынша, футбол академиясында 5 жастан 12 жасқа дейінгі 1 000-ға жуық баланы жаттықтыру жоспарланған. ...

    Read More »

    Канвон-2024: Қазақстан хоккейшілері қола жүлдені жеңіп алды (ФОТО)

    Оңтүстік Кореяның Канвон провинциясында өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан спортшылары тағы бір жүлдені жеңіп алды. Бұл жолы хоккейден құрама команда қола медаль үшін ойында Аустрия құрамасын 6:5 есебімен жеңіп, үшінші орынды иеленді. Бұл матч қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында алғаш рет 3×3 пішінінде болды. Онда команда құрамында Темірлан Айболұлы, Бексұлтан Мақыш, Арсений Кучковский, Әділхан Саттар, Никита Кулаков, Матвей Решетько, Расул ...

    Read More »