• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Daily Archives: 14.03.2023

    Қазақстан гимнастшылары Афродита кубогын жеңіп алды

    Грекияның астанасы – Афина қаласында көркем гимнастикадан VIII «Афродита кубогы» атты халықаралық турнир аяқталды. Бұл жарыста Қазақстанның көркем гимнастшылары алты бірдей жүлделі орынға ие болды. Милана Парфилова шығыршықпен және доппен өнер көрсетуде финалға жетіп, қос бағдарламада да күміс жүлде жеңіп алды. Эрика Жайлауова ұршықпен өнер көрсетуде қола жүлдегер атанса, шығыршықпен көрсеткен жаттығуда 7-ші, лентамен өнер көрсетуде 8-орыннан көрінді. Жастар арасында ...

    Read More »

    700-ге жуық қазақстандық оқушы ХІ қысқы гимназиадаға қатысады

    Еліміздің төрт қаласында 14 наурызда ХІ қысқы гимназиада басталады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметіне қарағанда, сайыс шаңғы жарысы, қысқы президенттік көпсайыс, қысқы спорттық бағдарлау, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, бенди, конькимен сырғанау, шайбалы хоккей сынды спорттың 8 түрінен өтеді. Гимназиада жарыстары мектеп спортының дамуына, оқушылардың спортқа деген қызығушылықтарын арттыруға септігін тигізеді. Сондықтан біз еліміздегі алдыңғы қатарлы спорттық сайыстың республикалық кезеңіне жолдама ...

    Read More »

    Екібастұзда тұңғыш рет садақ атудан жарыстың жалауы желбіреді (ФОТО)

    Екібастұз қаласындағы Мәшһүр Жүсіп атындағы ғылым мектебінің базасында қазақтың ұлттық спорт өнерінің бірі — садақ атудан ересектер мен жасөспірімдер арасында ашық біріншілік өтті. Ашық біріншілікті ұйымдастырған «Зерде» мамандырылған дарынды балаларға арналған лицей-мектебінің дене тәрбиесі мұғалімі  Нұрбек Мұқышевтің айтуынша, аталған мектепте оқушылар арасында садақ ату үйірмесінің ашылғанына екі жыл болды. Былтыр төрт оқушы Қарағандыда өткен республикалық турнирден олжалы оралды. Екі жыл ...

    Read More »

    Гимнастшы Елжаңа Таниева Гран-придің қола жүлдегері атанды

    Гимнастшы Елжаңа Таниева Испанияның Марбелья қаласында өткен Гран-при турнирінде қола жүлдегер атанды. Ол доп жаттығуының финалында 32.900 ұпаймен үшінші орын алды. Бірінші және екінші орынды Болгариядан келген Стиляна Николова (35.700) мен Ева Брезалиева (33.600) иеленді. Осы Гран-придің басқа түрлерінен Елжаңа Таниева ең мықты 8 гимнастшының қатарына енді. Ол құрсаумен 6-орын, ұршықпен 7-орын алды. 26 ақпанда Таниева Эстонияда өткен Гран-при турнирінде күміс ...

    Read More »

    Мырзағали Айтжанов қазақ пен өзбек боксын салыстырды

    Бокстан Қазақстан ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов Бокс федерациясының ұйымдастырған пресс-тур кезінде қазақ пен өзбек боксын жиі салыстырып жүрген адамдарға жауап берді. Оның айтуынша, соңғы кезде қазақ пен өзбек боксшыларын салыстыратын адамдар көбейіп кетті. Қазір еліміздің былғары қолғап шеберлері осыдан бірнеше жыл бұрынғы деңгейге жету үшін қолда бар мүмкіндіктің бәрін жасап жатыр. Шыны керек, соңғы кезде есеміз кетіп ...

    Read More »

    Рыбакина Индиан-Уэллс мастерс турнирінің 1/8 финалына шықты

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің 1/8 финалына шықты. Рыбакина турнирдің үшінші айналымда әлемнің 22-ракеткасы, испаниялық Паула Бадосамен кездесіп, оны 6:3, 7:5 есебімен ұтты. Қарсыластар осыған дейін бес рет кездесіп, соның төртеуінде испаниялық спортшы жеңіске жеткен еді. Бұл жолы Рыбакина есе қайтарды. Кездесу 1 сағат 36 минутқа созылып, Рыбакина 9 эйс жасап, 8 ...

    Read More »

    Қазақстан дзюдошылары Еуропа кубогында алты жүлдені иеленді

    11-12 наурыз аралығында Хорватияның Загреб қаласында жастар арасында дзюдодан Еуропа кубогы үшін турнир өтті. Турнирде Қазақстан командасы медальдік кестеде бесінші орын алып, 2 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды. Загребтегі татамиде әлемнің 35 елінен 800-ден астам жас дзюдошылар бақ сынасты. Қазақстаннан Ерхан Марат (50 кг) пен Сабина Юлдашева (48 кг) кубоктың иегері атанса, Оралбек Байзақ (55 кг) турнирдің күміс ...

    Read More »