• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    700-ге жуық қазақстандық оқушы ХІ қысқы гимназиадаға қатысады

    Еліміздің төрт қаласында 14 наурызда ХІ қысқы гимназиада басталады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

    Оқу-ағарту министрлігінің мәліметіне қарағанда, сайыс шаңғы жарысы, қысқы президенттік көпсайыс, қысқы спорттық бағдарлау, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, бенди, конькимен сырғанау, шайбалы хоккей сынды спорттың 8 түрінен өтеді.

    Гимназиада жарыстары мектеп спортының дамуына, оқушылардың спортқа деген қызығушылықтарын арттыруға септігін тигізеді. Сондықтан біз еліміздегі алдыңғы қатарлы спорттық сайыстың республикалық кезеңіне жолдама алған жас спортшылардың қатысуына ерекше назар аударып отырмыз. 2022 жылы қазақстандық оқушылар құрамасы алғаш рет Дүниежүзілік жазғы гимназиадаға қатысып, 64 елдің ішінен үшінші орынға ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге жоғары оқу орындарына мемлекеттік гранттар берілді, – деді Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығының бас директоры Сағдат Садықов.

    ХІ қысқы гимназиада Астана, Щучье, Павлодар және Өскемен қаласында өтеді. Оған еліміздің барлық өңірінен 700-ге жуық оқушы қатысады.

     

    Динара АМАНТАЙ,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *