• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Гимнастшы Елжаңа Таниева Гран-придің қола жүлдегері атанды

    Гимнастшы Елжаңа Таниева Испанияның Марбелья қаласында өткен Гран-при турнирінде қола жүлдегер атанды.

    Ол доп жаттығуының финалында 32.900 ұпаймен үшінші орын алды.

    Бірінші және екінші орынды Болгариядан келген Стиляна Николова (35.700) мен Ева Брезалиева (33.600) иеленді.

    Осы Гран-придің басқа түрлерінен Елжаңа Таниева ең мықты 8 гимнастшының қатарына енді. Ол құрсаумен 6-орын, ұршықпен 7-орын алды.

    26 ақпанда Таниева Эстонияда өткен Гран-при турнирінде күміс жүлдегер атанған болатын.

     

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *