• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Monthly Archives: сәуір 2023

    Парадзюдодан Қазақстан құрамасы Азия чемпионы атанды

    Парадзюдодан Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы Азия чемпионатының командалық жарысында топ жарды. Айналмалы жүйе бойынша өткен белдесуде ел құрамалары қарсылас шақ келтірмей, Азия чемпионы атанды. Қазақстан парадзюдо федерациясының хабарлауынша, Қазақстан әйелдер құрамасы финалда Өзбекстан командасын 3:1 есебімен жеңді. Альфия Тілекқабыл, Ақмарал Науатбек және Динара Кужулова құрамаға жеңіс сыйлады. Ал Өзбекстан құрамасы екінші орынға ие болса, Үндістан спортшылары үздік үштікті қорытындылады. ...

    Read More »

    Алматы облысында ұшқыр бәйгеден QAZAQ WORLD CUP турнирі басталады

    1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай, Алматы облысының Талғар ауданындағы Қобланды батыр атындағы ипподромда Мәдениет және спорт министрлігі мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ұшқыр бәйгеден Qazaq World Cup турнирі өтеді. Жүлде қоры – 17 700 000 теңге болатын жарысты Ұлттық спорт қауымдастығы, Алматы облысының әкімдігі, республикалық «Бәйге» Федерациясы, «Қазақ Жокей Клубы» қоғамдық ұйымы мен «Bayserke Agro» ...

    Read More »

    Фируза Шарипова ресейлік қарсыласын 13 секундта есеңгіретіп тастады (ВИДЕО)

    Алматыдағы OCTAGON 44 турнирінің басты жекпе-жектерінің бірінде аса жеңіл салмақта бокстан IBA және WBU тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Фируза Шәріпова жеңіске жетті. Ол ресейлік Илона Бондаренкомен кездесіп, жойқын соққыларымен қарсыласын уақытынан бұрын жеңді.   Еркеғали БЕЙСЕНОВ, АСТАНА     View this post on Instagram   A post shared by OCTAGON (@octagonleague)

    Read More »

    Азия чемпионатында Қазақстан парадзюдошылар бір-бірімен алтын жүлдеге таласты

    Астанада өткен Азия чемпионатының көру қабілеті төмен J2 ойыншыларының арасында 90 келі салмақ дәрежесінде финалға екі қазақстандық шықты. Нәтижесінде Қазақстан екі жүлдеге ие болды. Жанбота Аманжол алтын медаль иеленсе, Ғалымжан Смағұлұлына күміс жүлде бұйырды. Осы салмақ дәрежесінде Отабек Ирисбеков (Өзбекстан) және Кумар Сунил (Үндістан) қола жүлдегерлер атанды. Айта кетсек, бұған дейін 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық Альфия Тілекқабыл жеңімпаз ...

    Read More »

    VI жазғы Спартакиада: Данил Мусабаев өз атағын қорғап қалды (ФОТО)

    Бүгін Алматыда өтіп жатқан батуттағы гимнастикадан VI жазғы Спартакиаданың бірқатар бағдарламада чемпионы мен жүлдегерлері анықталды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы хабарлады. Акробатикалық жолақта секіруден қыздар арасында командалық сында Алматы қаласы топ жарса (60,6 балл), аз ғана ұпай қалып кеткен Қарағанды облысы екінші орын (60,2) алды. Үздік үштікті Шымкент қаласының (57,6) гимнастары түйіндеді. Бұл бағдарламада әр командада ...

    Read More »

    Атырау облысында ұлттық спорт түрлерінің дамыту бойынша жиын өтті

    Бүгін Атырау университетінде Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының вице-президенті Тастанбек Есентаевтың қатысуымен «Атырау облысындағы ұлттық спорт түрлерінің дамуы» тақырыбында жиын өтті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі. Іс-шараға ұлттық спорт түрлерінен Атырау облыстық федерация басшылары, аға жаттықтырушылар мен мамандар қатысты. Атырау облыстық спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұржауған Төлеуова облыстағы ұлттық спорт түрлерінің дамуы жөнінде баяндама жасап, статистикалық мәліметтерді жариялады. Оның айтуынша, ...

    Read More »

    Атырауда дәстүрлі садақ атудан «Алтын Орда» халықаралық турнирі аяқталды

    Атырау қаласында 27-28 сәуір күндері Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен алғаш рет өткен дәстүрлі садақ атудан «ALTYN ORDA» халықаралық турнирі қорытындыланды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі. Турнирде садақшылар 30 метрден 70 метрге дейінгі қашықтыққа арналған Пута, Орта Азия, Жамбы нысана түрлері бойынша мергендік шеберліктерін сынасты. Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев пен Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенті-Бас хатшысы Тастанбек Есентаев аталған шараға арнайы қатысып, ...

    Read More »

    Белгілі спортшы жекпе-жек алдында қарсыласының кеудесіне мылтық кезеді (ВИДЕО)

    Актер және аралас жекпе-жек жауынгері Еркебұлан Тоқтар айқас алдындағы кездесу сәтінен видео жариялады, деп хабарлады Halyq Uni.kz Ирандық файтер Паям Назаримен (3-1) көзарбасуға ол қолына мылтық ұстап шығып, қарсыласымен жанжалдасып қалды. Видеоға «Бүгін атпадым, ертең атамын», деген жазба қалдырған. Айта кетейік, қазақстандық пен ирандық спортшының арасындағы айқас Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайныда Octagon 44 турнирі аясында 29 сәуірде жеңіл ...

    Read More »

    «Отыз жыл ұйықтағанымыз жетер»: Ақжүрек Таңатаров Тоқаевтан араша сұрап отыр (ВИДЕО)

    Еркін күрестен 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының және әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері Ақжүрек Таңатаров президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмектесуін өтініп, видеоүндеу жолдады. Ол үндеуде өзін Жамбыл облысы денешынықтыру және спорт басқармасының «Олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат колледжі» МКК басшысы лауазымынан заңсыз жолмен алып тастағанын айтты. Соның себебін ...

    Read More »

    «Барыс» хоккейшілері 279 млн теңгеге дейін жалақы алады

    Ресейдің «Спорт-Экспресс» порталы алғаш рет Құрлықтық хоккей лигасында ойнайтын барлық хоккейшінің жалақысын жариялады. Мысалы, соңғы маусымда «Барыс» хоккей клубында ең көп жалақыны Линден Вей мен Никита Михайлис алған. Екеуі де 50 миллион рубль (қазіргі курспен 278,73 миллион теңге) тауыпты. Одан кейін Алекс Грант – 45 млн рубль (250,85 млн теңге), Майкл Шапю – 26 млн рубль (144,94 млн. теңге), Крис ...

    Read More »