• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Daily Archives: 14.05.2023

    Бокстан әлем чемпионаты: жүлдегер қазақ боксшыларының сыйақысы  белгілі болды

    Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды, деп хабарлады Tengri Sport. Әлем чемпиондары IBA-ның екі еселенген сыйақысын  — 200 000 доллардан алады. Сондай-ақ, Қазақстан бокс федерациясынан (ҚФС) жүлдегерлерімізге 100 000 доллардан беріледі. Қазақстан құрамасы боксшыларының әлем чемпионатынан кейінгі гонорарлары:  Санжар Тәшкенбай (48 келіге дейінгі салмақта чемпион) – 300 мың доллар (шамамен 134 миллион теңге); ...

    Read More »

    «Қазақтың төрт жігіті – әлем чемпионы»: Тоқаев бокстан әлем чемпиондарын құттықтады

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан Ташкентте өткен әлем чемпионатының бас жүлдесін жеңіп алған былғары қолғап шеберлерін құттықтады. Бокстан әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектерін зор қызығушылықпен тамашаладым. Жеңіске деген ерік-жігер мен шынайы патриотизмнің жарқын үлгісін көрсеткен боксшыларымыз Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбайды шын жүректен құттықтаймын! Қазақтың төрт жігіті – әлем чемпионы!,  – деп жазылған президенттің Twitter-дегі құттықтауында. Қазақстан құрамасы ...

    Read More »

    Нұрбек Оралбай төртінші алтын жүлдені жеңіп алды (ВИДЕО)

    Ташкентте бүгін мәреге жеткен бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Нұрбек Оралбай 80 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанды. Бұл туралы rast.kz хабарлады. Осы жолы әлем чемпионатының финалында екі елдің намысын қорғап жүрген екі қазақ жігіті кездесті. Шаршы алаңда біздің Нұрбекке қытайлық Таңатқан Тоқтарбек қарсылас болды. Екі қазақтың шайқасы өте тартысты өтті. Оның бірінші раундында Нұрбек 4:1 есебімен басым тұрды. Келесі раундта 3:2 деген ...

    Read More »

    Асыланбек Шымбергенов – бокстан әлем чемпионы! (ВИДЕО)

    Ташкентте бүгін мәреге жетіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Асланбек Шымбергенов 71 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанды. Бұл туралы rast.kz хабарлады. Біздің команда капитаны өзбек Саиджамшид Жафаровпен алтын медаль үшін шайқасты. Ол бірінші раундты 5:0 етіп өз пайдасына шеше білді. Келесі раундта есеп 4:1 болып шықты. Ал соңғы раундта осы басымдықты аттыра білді. Сөйтіп, қарсыласын 5:0 етіп тізе бүктірді. Чемпионаттағы алғашқы ...

    Read More »

    Махмұд Сабырхан бокстан әлем чемпионы атанды (ВИДЕО)

    Ташкентте бүгін мәреге жетіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Махмуд Сабырхан 54 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанды. Бұл туралы rast.kz хабарлады. Махмуд финалда өзбек Ойбек Жураевпен алтын медаль үшін таласты. Шайқас басталғаннан біздің оғлан оның тізгінін өзінің қолына алып алды. Үнемі шабуыл үстінде болған ол тіпті үшінші раундта қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Есеп – 5:0! Сөйтіп, әлемнің 2021 жылғы күміс ...

    Read More »

    «Келесі шық». Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

    Бокстан WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) канадалық Стивен Батлерді (32-4-1, 26 КО) жеңгеннен кейін көпшілікке мәлімдеме жасады. Бүгін 12 раундқа есептелген кездесу 2-раунда аяқталған еді. Жәнібек қарсыласын екі рет нокдаунға, кейін нокаутқа жіберді. Осылайша, қазақстандық WBO чемпионы атағын екінші рет қорғап қалды. Чемпиондар мен супержұлдыздар, қайдасыңдар? Мен сендерге бара жатырмын. Жекпе-жекке шығайық. Мен орта салмақтың ...

    Read More »

    Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын нокаутпен жеңіп, атағын қорғап қалды (ВИДЕО)

    Бүгін таңертең WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы канадалық Стивен Батлерді екінші раундта нокаутқа жіберіп, атағын қорғап қалды. Бұл туралы rast.kz хабарлады. Шайқас АҚШ-тың Стоктон қаласында өтті. Ол осы күнгі кестенің ең басты жекпе-жегі болды. Қазақстандыщ кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы бұл кезге дейін 13 рет кәсіпқойлар рингіне шығып, бәрінде де жеңіске жеткен, соның ішінде 8 шайқасты нокаутпен аяқтаған. Енді ...

    Read More »

    Алматыда әріптестеріміз Амангелді Сейітхановты еске алды (ФОТО)

    Алматыда осымен екінші рет белгілі спорт комментаторы, ақын, сөз зергері Амангелді Сейітхановты еске алуға арналған шағын футболдан респубикалық турнир болып өтті. Бізде былтырғы өткен жарыстағыдай бір команда сайлап апарып аламан журналистер жарысына қосылған едік. «Спорт журналистері» деген атпен сынға шыққан менің командам тамаша ойын өрнегін көрсетіп, жарыс басталғаннан бастап көрерменді өзіне бірден баурап алды. Командамыздың құрылуына ұйытқы болып шапқылап, жас ...

    Read More »