• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Daily Archives: 01.09.2023

    Қырғызстанда президенттің көзінше ұлттық ойын төбелеске ұласты (ВИДЕО)

    Қырғызстанның Ош қаласындағы атшабарда көкбөріден президенттің кубогы үшін өткен жарыс төбелеске ұласты. Финалда Ош облысының «Достық» пен Талас ауданының «Ынтымақ» командалары кездесіп, төрешілердің шешіміне қарсы шықты. Төрешілер жеңісті таластық командаға берген. Бұған Оштың жанкүйерлері ашуланып, көкбөрінің соңы шапқыншылық шайқасына ұласып кетті. Осының бәрі трибунада көкбөріні тамашалауға келген президент Садыр Жапаровтың көзінше болған. Мемлекет басшысы трибунада отырып, басын шайқап, ештеңе істей ...

    Read More »

    IBA-дан тағы бір Бокс федерациясы шығып кетті

    Финляндияның Бокс федерациясы IBA (Халықаралық бокс қауымдастығы) қатарынан шығу туралы шешім қабылдады. Осы елдің Бокс федерациясының (FBF) атқарушы директоры Марко Лайненің айтуынша, Финляндия World Boxing ұйымына қосылады. IBA қызметі Ресеймен тығыз байланысты. Оның басшысы ресейлік Умар Кремлев деген азамат. Сондықтан Финляндия Ресеймен қатысы бар барлық ұйымдардан шыға береді. Халықаралық бокс қауымдастығы 2019 жылдан бері Олимпиялық ойындарға іріктеу турнирін өткізуге құқығынан айырылған. ...

    Read More »

    UEFA Чемпиондар лигасы топтық турнирінің жеребесі тартылды

    UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды. Топтық турниріне қатысатын 32 команда сегіз топқа төрт-төрттен бөлінген. Мұнда әрбір топтан үздік шыққан екі команда жарыстың 1/8 финалына шығады. А тобы: «Бавария» (Германия), «Манчестер Юнайтед» (Англия), «Копенгаген» (Дания), «Галатасарай» (Түркия); В тобы: «Севилья» (Испания), «Арсенал» (Англия), ПСВ (Нидерланд), «Ланс» (Франция); С тобы: «Наполи» (Италия), «Реал Мадрид» (Испания), «Брага» (Португалия), «Унион Берлин» (Германия); ...

    Read More »

    «Астана» Конференция лигасының топтық турниріне шықты

    «Астана» клубы футболдан UEFA Конференция лигасының топтық турниріне шықты. Астананың командасы сырт алаңда Албанияның «Партизани» клубымен кездесіп, ойынды 1Ү1 есебімен тең аяқтады. Бірінші матчта «Астана» 1:0 есебімен жеңіске жеткен еді. Ал екінші ойында алаң иелері алғаш болып есеп ашты. Ойынның 25-минутында Арканж Бинтсука әуелете берілген допты баспен қақпаға түсірді. Екінші таймның басында қонақтар ширақ ойнап, есепті теңестірді. 46-минутында Марин Томасовтың ...

    Read More »