• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Daily Archives: 12.09.2023

    XIX Азия ойындары: спортшыларға берілетін сыйақы мөлшері жарияланды

    Туризм және спорт министрлігі алдағы жазғы Азия ойындарында жүлде алған спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына ақшалай ынталандыру мөлшерін жариялады. Азия ойындарының чемпионы атанған спортшыға 10 000 АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйақы беріледі. Ал, алтын медаль иегерін жарысқа дайындаған жаттықтырушыға 5000 АҚШ доллары қарастырылып отыр. Азия ойындарының күміс жүлдегері 5000 АҚШ доллары, ал жаттықтырушысы 3000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алады. Сондай-ақ, қола ...

    Read More »

    XIX Азия ойындары: Бокс федерациясы жүлдегер споршыға сыйақы береді (ВИДЕО)

    Қазақстан бокс федерациясы президенті Кеңес Рақышев  Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін Азия ойындарында жүлде алған әйелдер құрамасына сыйақы тапсыратынын айтты. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы хабарлады. Бүгін бас жаттықтырушы Шамиль Сафиулин бастаған бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы алғашқылардың бірі болып Қытайға аттанды. Ханчжоудағы Жазғы Азия ойындары қарсаңында ұлттық құрама жергілікті және Тәжікстан боксшыларымен біріккен оқу-жаттығу жиынын өткізді. Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес ...

    Read More »

    Шахматтан ӘЧ: Қазақстан күміс жүлдегер атанды

    Шахматтан Польшаның Быдгощ қаласында  өткен командалық әлем чемпионатында Қазақстан қыздар құрамасы күміс жүлдегер атанды. Финалда қыздар құрамасы Грузия командасынан екі матчта да  1,5-2,5, 0,5-3,5 есебімен жеңіліп қалды. Ұлттық құрама сапында Бибісара Асаубаева, Ксения Балабаева, Әсел Серікбай, Меруерт Камалиденова, Алуа Нұрманова мен Әмина Қайырбековалар өнер көрсетті. Қола жүлдені Франция құрамасы жеңіп алды. Француздар  үшінші орын үшін ойында АҚШ шахматшыларын ұтты. Еске ...

    Read More »

    EURO-2024: Португалия құрамасы Роналдусыз рекорд жаңартты (ВИДЕО)

    Португалия құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясында J тобында Люксембург командасын 9:0 есебімен жеңіп, рекорд жаңартты. Бұл матч Португалияның Фару қаласында болды.  Ойында Португалия құрамасында Гонсалу Инасиу (12 және 45-минут), Гонсалу Рамуш (18, 34) мен Диогу Жота (57, 77) дубль жасаса, Рикарду Орта (67), Бруну Фернандеш (83) пен Жоау Феликс (88) бір-бір голдан салды. Бұл матчта португалиялықтар Криштиану ...

    Read More »

    Футзалдан ӘЧ: іріктеу турниріне Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды

    Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Рикардо Кака 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Нидерланд пен Румыния командаларына қарсы өтетін ойындарға шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Тізімге 16 ойыншы енді. Футзалдан Қазақстан құрамасының құрамы: Қақпашылар: Игита, Нарун Серіков (екеуі де – «Қайрат»), Нұралем Байдулла («Атырау»); Алаңдағы ойыншылар: Дуглас, Эдсон, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Альберт Ақбалықов, Жахангир Рашит (барлығы ...

    Read More »