Түркістан қаласындағы Olympic center спорт кешенінде Кеңес Одағының батыры, генерал-майор Сабыр Рахымовты еске алуға арналған еркін күрестен және әйелдер күресінен XXVII халықаралық турнир басталды, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыс әкімдігінің хабарлауынша, жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін күрес додасына биыл еліміздің барлық өңірлерімен қатар көршілес Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінен 24 команда, 454 балуан қатысып, боз кілем көркін қыздыруда. Тартысқа ...
Read More »Еске алу
Қосшыда қазақтың атақты ерлі-зайыпты қайраткерлеріне көше берілді
Ақмола облысының Қосшы қаласында қазақ боксының негізін қалаушылардың бірі Шоқыр Бөлтекұлы мен оның сүйікті жары, қазақтың тұңғыш балеринасы Нұрсұлу Тапаловаға көшенің аттары берілді. Шоқыр Бөлтекұлы 1916 жылы 29 қазанда Маңғыстау облысы, Жармыш ауылының маңында Сарқауақ деген жерде туған. Ол өткен ғасырдың 30-жылдардағы ашаршылық, аласапыран тұста Форт-Шевченко қаласындағы жетімдер үйінде оқып, орта мектепті бітірді. Ұлы Отан соғысына қатысып, 1944 жылы жарақаттанып ...
Read More »Алматыда әріптестеріміз Амангелді Сейітхановты еске алды (ФОТО)
Алматыда осымен екінші рет белгілі спорт комментаторы, ақын, сөз зергері Амангелді Сейітхановты еске алуға арналған шағын футболдан респубикалық турнир болып өтті. Бізде былтырғы өткен жарыстағыдай бір команда сайлап апарып аламан журналистер жарысына қосылған едік. «Спорт журналистері» деген атпен сынға шыққан менің командам тамаша ойын өрнегін көрсетіп, жарыс басталғаннан бастап көрерменді өзіне бірден баурап алды. Командамыздың құрылуына ұйытқы болып шапқылап, жас ...
Read More »Біз көрген Бердіқұлов (Эссе)
Бiз деп отырғанымыз — қазақ баспасөзiнiң ұстаханасы (Ж.Бейсенбайұлы) «Жас алашқа» сексенiншi жылдардың орта тұсында келiп, аты аңызға айналған бас редактордың тәрбиесiн аз ғана уақыт көрген, сол себептi «Әттең, Сейдахмет ағаның басқару мектебiнде тағы бiрер жыл болғанымызда ғой…» деп өкiнген, бүгiнде алпыстың қақпасын еркін ашқан орта буын. Бұл буын сәл кеш туғаны себептi «Шерханның шекпенiнен шықтық» деп мақтана алмайды. Бiз журналистикаға ...
Read More »Астанада Халық батырына арналған конференция өтеді
Астанада 3 сәуірде Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Қостанай облысының әкімдігі, «Қостанай облысы әкімдігінің Мәдениет басқармасы» ММ, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі, Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі» КММ ұйымдастыруымен Ұлт-азаттық көтерілісінің Бас сардары, Халық батыры Амангелді Имановтың туғанына 150 жыл толуына орай «Батырдың биік тұлғасы: тарихы, зерттелуі, ақиқаты» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Іч-с-шаралардың негізгі мақсаты: Жалпыұлттық тарихи сананы ...
Read More »Астанада Халық батырына құрмет көрсетіледі
Биыл Ұлт-азаттық көтерілісінің Бас сардары, Халық батыры Амангелді Имановтың туғанына 150 жыл. Осыған орай Астана қаласы әкімдігінің Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы 3 сәуірде сағат 18.00-де «ДАЛА ДАУЫЛПАЗЫ» атты академиялық концерт ұсынады. Концертте симфониялық оркестр мен этно-фольклорлық ансамбль бірлесіп, алғаш рет синтезделген формада өнер көрсетеді. Бұл — Қазақстанда алғаш рет жасалып отырған экспериментті концерт. Халық батыры Амангелді Имановқа танымал композиторлар ...
Read More »Өмірі өнегелі жан
Ауыр атлетикадан қазақ жастары арасынан тұңғыш рет КСРО спорт шебері, Орта Азияның және Қазақстанның темір-жолшылар арасында КСРО чемпионы атанған арысымыз, ардагер спортшы, еліміздегі ауыр атлетика спортының кіндік атасы, батагөй ақсақалы Ізбасар Оразбақтың салауатты өмір салты туралы бір үзік сыр. Ауыр атлетиканың елдегі тарихы туралы сөз еткенде міндетті түрде Ізбасар Оразбақұлы ағамызды еске аларымыз анық. Ол 1941жылы 1 мамырда Алматы облысы, ...
Read More »Астанада бильярдтан Жолдасбек Дуанабай атындағы турнир өтеді
Ертең, 4 наурыз күні Астанада AIQYN, «Литер» және Turkistan газеттерінің ұйымдастыруымен зиялы қауым мен БАҚ қызметкерлері арасында Жолдасбек Дуанабай атындағы дәстүрлі бильярд турнирі өтеді. Жолдасбек Дуанабайдың есімі қалың оқырманға белгілі. Ол қазақ басылымдарына елеулі еңбек сіңірген белгілі журналист, Б.Бұлқышев атындағы сыйлықтың лауреаты, мәдениет қайраткері болған. Турнирге 50-ден аса адам қатысады. Олар екі санат бойынша бақ сынайды. Әр санатқа үш бағалы ...
Read More »Түркияда стадион толы жанкүйерлер алаңға ойыншықтарды қарша жаудырды (ВИДЕО)
«Бешикташ» және «Антальяспор» футбол клубтарының жанкүйерлері матч кезінде жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендердің құрметіне жасыл алаңға жұмсақ ойыншықтарды лақтырды, деп хабарлады CBS Sports. Жанкүйерлер ойыншықтарды матчтың 4-минуты, 17-секундында лақтыра бастаған. Түркияның оңтүстік-шығысындағы табиғи апат 6 ақпанда сағат 04:17-де басталған еді. Осы уақытта жер сілкінісінен қаза тапқандарды еске алу үшін ойын бірнеше минутқа тоқтатылды. Белгілі болғандай, алаңға үйіліп қалған ойыншықтар жер ...
Read More »Аты аңызға айналған футболшы Петр Жеков өмірден өтті
Аты атыңызға айналған футболшы, Софияның ЦСКА командасы мен Болгария құрамасының шабуылшысы Петр Жеков 79 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Петр (болгарша – Петьр, — ред.) Жеков 1944 жылы 10 қазанда Болгарияның Хасков облысындағы Книжовник елді мекенінде туған. 2023 жылғы 18 ақпанда София қаласында қайтыс болды. Петр Жеков – Еуропаның мерген шабуылшыларға берілетін «Алтын бутса» жүлдесінің 1969 жылғы, «Күміс бутсаның» 1970 ...
Read More »