• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қорғаныс министрлігі

    Бокстан Сағадат Нұрмағамбетовтің жүз жылдығына арналған турнир басталды (ФОТО)

    Қорғаныс министрлігі Спорт комитеті – Орталық спорт клубының базасында Кеңес Одағының Батыры, № 1 Халық қаһарманы Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовті еске алуға арналған бокстан халықаралық турнир басталды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

    Турнир басталар алдында оның ұйымдастырушылары, спортшылар мен курсанттар Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институтындағы даңқты батырдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

    Турнирдің салтанатты түрде ашылу рәсіміне Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы – Орталық спорт клубының бастығы полковник Арман Әбеуов, КСРО-ның екі дүркін чемпионы, Еуропа чемпионы Кәрімжан Әбдірахманов пен Батырдың қызы Айсұлу Нұрмағамбетова қатысты.

    Атақты батырдың құрметіне арналған дәстүрлі турнир биыл 27-рет өткізіліп отыр. Сағадат Қожахметұлы еліміз Қарулы күштерінің бастауында тұрған тұлға. Ол өз өмірін туған Отанына қызмет етуге арнады. Біз үшін ол қаһармандықтың, жанқиярлық пен әскери борышқа адалдықтың үлгісі, – деді полковник Арман Әбеуов.

    Айта кетейік, жарысқа Қазақстан, Армения, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстаннан келген 21 команданың құрамындағы 150-ге жуық спортшы қатысады.

    Бұл күндері болып жатқан іс-шаралардың бәрін майданда қан төккен ардагерлер мен Жеңісті жақындату жолында тылда тер төккен жандардың барлығына құрмет деп білемін. Әкем өз елінің нағыз патриоты болды. Ол үшін Отанға пайдасын тигізу үлкен бақыт болатын. Жас тәуелсіз мемлекетті қорғауға қабілетті Қазақстан әскерін құруға ол аса үлкен жауапкершілікпен келді, – деді Батырдың қызы Айсұлу Сағадатқызы.

    Ол өзінің отбасының атынан әкесінің құрметі мен аға буынның ерлігін ұлықтау үшін жасалып жатқан іс-шараларға ризашылығын білдірді.

    Былғары қолғап шеберлерінің турнирі төрт күнге созылып, 25 мамырда аяқталады.

     

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *