Еліміздің XVII жазғы Паралимпиадаға қатысатын спортшыларының алғашқы легі Францияның астанасы Париж қаласына аттанды, деп хабарлады Qazaqstan.tv. Бүгін волейболды отырып ойнау, пара үстел теннисі және пара жүзу құрамаларының спортшылары Францияға жол тартты. Париж Паралимпиадасына волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама 28 жылдан кейін алғаш рет қатысады. Ал пара үстел теннисінен Қазақстан құрамасы биыл алғаш рет Паралимпиада жолдамасын жеңіп алды. Пара жүзу спортшылары ...
Read More »Жарыс
Бүгін Уимблдон турнирінің іріктеу сайыстары басталады
Бүгін Ұлыбританияның Лондон қаласында Уимблдон турнирінің іріктеу сайыстары басталады. Жылдың үшінші «Үлкен дулыға» жарысының іріктеу турниріне елімізден төрт бірдей теннисші қатысады, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Әлемнің 132-ракеткасы Михаил Кукушкин іріктеудің ширек финалында рейтингіде 278-орында тұрған украиналық Виталий Сачкомен күш сынасады. Әлемнің 163-ракеткасы Денис Евсеевтің қарсыласы – рейтингіде 171-сатыдағы франциялық Маттео Мартино. Рейтингіде 208-орындағы Бейбіт Жұқаев әлемнің 154-ракеткасы, аустралиялық Юрий ...
Read More »Рыбакина Berlin Ladies Open WTA 500 турнирін ерте аяқтады
Теннистен Германияның астанасы – Берлин қаласында өтіп жатқан Berlin Ladies Open WTA 500 турнирінде әлемнің 4-ракеткасы, еліміздің үздік теннсишісі Елена Рыбакина жарыс жолынан шығып қалды. Ол турнирді 1/4 финалда аяқтады, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ширек финалда отандасымыз Беларусь өкілі Виктория Азаренкомен ойнап, бірінші сетте (1:3) өзін жайсыз сезінуіне байланысты жарыстан шығатынын айтты. Ол ойынды ары қарай жалғастыра алмады. Рыбакина ...
Read More »Полицейлер кикбокстингтен әлем чемпионатынан жүлделі оралды
Абай облысы Полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы Саят Тұрысбеков күміс медаль жеңіп алды. Ол 75 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетті, деп хабарлады polisia.kz. Саят Тұрысбеков — кикбоксингтен екі дүркін әлем және Азия чемпионы. Ішкі істер органдарында 2021 жылдан бастап жұмыс істейді. Сонымен қатар 86 келі салмақта өнер көрсеткен Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкері Нұрсұлтан Жақыпов қола жүлдеге ...
Read More »Бейбіт Жұқаев «Челленджер» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бейбіт Жұқаев теннистен Ұлыбританияның Илкли қаласында өтіп жатқан «Челленджер» сериясындағы турнирдің іріктеу жарысында жақсы ойнап, негізгі кезеңге шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол әуелі әлемнің 177-ракеткасы, португалиялық Жайме Фариямен екі сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты матчта қарсыласын 6:3, 6:7 (5:7), 6:1) есебімен жеңді. Бейбіт Жұқаев іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 190-ракеткасы, бельгиялық Йорис Де Лоренмен ойында да 6:3, 6:1 есебімен ...
Read More »Теннисші Айя Нұпбай ITF J200 Juniors Almaty турнирінің жеңімпазы атанды
Теннисші Айя Нұпбай жұптық сында Алматы қаласында өткен ITF J200 Juniors Almaty турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол ресейлік Полина Кухаренкомен бірге финалда Полина Слепцова мен америкалық Амина Салибаеваны 6:1, 6:4 есебімен жеңді. Тағы бір теннисшіміз София Исакова жекелей сында Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында болған ITF J60 Juniors турнирінде отандасы Ариана Колбасинадан айласын асырды. Бұл матчтағы есеп 6:1 ...
Read More »Әзірше 89 ел Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысады
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясы Астанада 8-13 қыркүйек аралығында өтетін көшпенділер ойынын тамашалауға келетін турист саны 100 мыңнан асуы мүмкін екенін хабарлады. Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының бағдарламасы спорт, мәдениет, ғылым сынды негізгі үш саланы қамтиды. Осы үш саланы біріктірудің арқасында көшпенділер мәдениетін зерттеп, әлемдік деңгейде насихаттау мүмкіндігі артады. 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарында ат спорты түрлері, ұлттық күрес түрлері, садақ ...
Read More »Еліміз алғаш рет пара үстел теннисінен Паралимпиада жолдамасын жеңіп алды
Пара үстел теннисінен сегізінші санатта өнер көрсететін Әли Мақұлбеков XVII жазғы Паралимпиадаға жолдаманы жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Әли Мақұлбеков – пара үстел теннисінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы. Оның жеңіп алған лицензиясы жарысқа өзі баратын болғандықтан жолдама болып есептеледі. Бұл – еліміздің Паралимпиадаға алған13-лицензиясы. Бұған дейін пара пауэрлифтингтен ...
Read More »Садақ атудан ұлттық құрама Әлем кубогына қатысады
18-23 маусым аралығында Түркияның Анталья қаласында садақ атудан Әлем кубогының үшінші кезеңі болады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Ұлттық құрамада ел намысын садақ атудың классикалық түрінен Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай, Александр Еременко, Алина Ильясова, Диана Тұрсынбек, Елизавета Авдеева, садақ атудың блок түрінен Бунед Мирзаметов, Андрей Тютюн, Адель Жексенбинова қорғайды. Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы – Артем Кичкин. ...
Read More »Қазақстан велоспорттан Азия чемпионатында көш бастады
Алматыда тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлады olympic.kz Қазақстан құрамасы жалпы есепте көш бастады. Ұлттық құрама 6 алтын, 3 күміс және 6 қола медальді иеленді. Екінші орынды 2 алтын, 1 күміс иеленген Тайпей командасы алды. Үшінші орынға 2 алтын жүлдесі бар Оңтүстік Корея ие болды. Сонымен бірге Азия чемпионатында Өзбекстан, Индонезия, Қытай, БАӘ командалары бір-бір алтын жүлдеден жеңіп ...
Read More »