• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Жарыс

    Боксшы Мұхамедсабыр Базарбайұлы келесі айналымға шықты (ВИДЕО)

    Бокстан Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінде Мұхамедсабыр Базарбайұлы екінші жекпе-жегінде де жеңіске жетіп, келесі айналымға шықты. Бүгін 63,5 келі салмақта сынға түсіп жатқан боксшы түркиялық Мизан Айкөлді жеңді. Бұған дейін Базарбайұлы филиппиндік қарсыласы Кристиан Питт Лауреттені жеңген болатын. Бокстан Қазақстан командасы жеті салмақтың алтауында жолдама алып үлгерді. Енді ерлер арасында бір жолдаманың мәселесі Таиландтағы соңғы іріктеу турнирінде ...

    Read More »

    Боксшы Валентина Хальзова алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті (ВИДЕО)

    Бокстан Таиландта өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінде Валентина Хальзова алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті. Ол 75 келі салмақта украиналық Каролина Махноны 5:0 есебімен жеңді. Осылайша, ол Римма Волосенконың ізін ала турнирдің екінші айналымына шықты. Таиландтағы іріктеу турнир 3 маусымда аяқталады. Валентина Хальзованың келесі қарсыласы  — моңғолиялық боксшы Эденетуя Энхбаатар. Жекпе-жек 1-маусымға жоспарланған. Ал 28 мамырда шамамен сағат 11:45-те 63,5 келідегі Мұхаммедсабыр ...

    Read More »

    Батырға арналған жарыстың ерсілеу жағдайлары

    21-25 мамырдың аралығында Алматы қаласында өткен армия генералы, Қазақстан Республикасының тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың 100-жылдығына арналған бокстан халықаралық жарысқа Армения, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Түркменістанның 150 былғары қолғап шеберлері қатысқан. Өз басым, 86 килограмм дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарған Алматы аймағының өкілі Еркебұлан Әкімбай мен 92 килограммға дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жеткен тәжік боксшысы Парвиз Кәрімовтің ...

    Read More »

    Қазақстан боксшылары турнирді жеңіспен бастады (ВИДЕО)

    Таиландтың астанасы – Бангкок қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамасы берілетін соңғы турнир басталды. 50 кг дейінгі салмақтағы Назым Қызайбай, 63,5 келідегі Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен 60 келі салмақтағы Римма Волосенко ерлер және әйелдер құрамаларынан алғашқы болып жекпе-жекке шығып, қарсыластарын жеңді. Назым Қызайбай Словакия өкілі Николь Дуриковадан айласын асырды. Бұл – Қызайбайдың Париж Олимпиадасының жолдамасына таласып жатқан екінші жарысы. Бұған дейін ол ...

    Read More »

    Бақтиер Зайнутдинов Түркия кубогын жеңіп алды (ВИДЕО)

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрама командасы мен Ыстанбұл қаласының «Бешикташ» клубының ойыншысы Бақтиер Зайнутдинов Түркиядағы алғашқы жетістігіне жетті. «Бештикташ» Түркия кубогының финалында Трабзон қаласының «Трабзонспор» клубын  3:2 есебімен жеңіп, ел кубогының иегері атанды. Сөйтіп, Ыстанбұлдың командасы осы жеңістің арқасында Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды. Бұл матчта Бақтиер Зайнутдинов жарақатына байланысты ойнаған жоқ. Ол қосалқы құрамда қалып, алаңға шықпады. Ойында бірінші ...

    Read More »

    Ұлттық құраманың төрт гимнасшысы финалға шықты

    Спорттық гимнастикадан Болгарияның Варна қаласында өтіп жатқан Challenge Cup турнирінде ұлттық құраманың төрт гимнасшысы финалға шықты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Еркін жаттығуда Дмитрий Патанин 14.600 ұпай алып,  іріктеуде екінші орын алса, 13.750 ұпай жинаған Асан Салимов алтыншы орыннан көрінді. Ат снарядында Нариман Курбанов 15.650 ұпай жинады. Ол бірінші орынға шықты. Зейнолла Идрисов 14.850 ұпаймен екінші ...

    Read More »

    Бокстан Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды

    Бүгін Таиландтың Бангкок қаласында бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирі басталады. Іріктеу жарысы 5 маусымда аяқталады. Бұл – Олимпиада алдындағы ең соңғы електік бәсеке. Турнирде Қазақстанның ерлер құрамасынан – 1, әйелдер командасынан 5 боксшы күш сынасады. Егер олар осы турнирде жеңімпаз атанып, Олимпиадаға жолдаманы алса,  Париждегі Ойындарға ерлер мен әйелдер құрамасы толық құрамда қатыса алады. Ал әзірше ерлерден Олимпиадаға лицензияны Сәкен Бибосынов ...

    Read More »

    Иран құрамасы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысады

    Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Иран Ислам Республикасының спорт және жастар министрі Киомарз Хашемимен екіжақты келіссөз жүргізді, деп хабарлады ведомство. Кездесуде Қазақстан мен Иран арасындағы жас спортшыларды даярлау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Былтыр екі елдің министрлері арасында спорт саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын. Ермек Маржықпаев бұл құжат екі ел арасындағы қарым-қатынасты жандандыруға ықпал ...

    Read More »

    Алия кубогы: Қазақстан индорхоккейден плей-оффқа шықты

    Индорхоккейден ерлер арасында Талдықорған қаласында өтіп жатқан Азия Кубогының плей-офф кезеңіне жолдама алған командалар анықталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Қазақстан құрамасы Оманды 4:0, Индонезияны 6:2 жеңіп, Малайзиямен 3:3 есебімен тең түсіп, ширек финалға шықты. Енді Қазақстан мен Иран хоккейшілері келесі айналымға өтуге барын салады. Сол секілді жалғыз жолдама үшін Сингапур мен Оман, Индонезия мен Тәжікстан, ...

    Read More »

    Теннистен жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатына жолдама алды

    Теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан Дэвис кубогы Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ширек финалда Сергей Квак жасақтаған команда әлемдегі үздік құрамалардың бірі, жасөспірімдер арасында Дэвис кубогының алты дүркін чемпионы Аустралия құрамасын 2:0 есебімен жеңді. Матчта әуелі ел құрамасына Дамир Жалғасбай Кэмерон Бертонды 6:3, ...

    Read More »