• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Азия волейбол қауымдастығы

    Challenge Cup: Қазақстан волейболшылары күміс жүлдегер атанды

    Филиппиннің астанасы — Манила қаласында волейболдан әйелдер командалары арасында өтіп жатқан «AVC шақыру кубогы» (Challenge Cup) турнирінде Қазақстан құрамасы финалда Вьетнам құрамасынан жеңіліп, күміс жүлдені қанағат тұтты.

    Бұл матчта есеп  0:3 (20-25, 22-25, 22-25) болды.

    Қазақстан командасы оыс жарыста қарсыласқа екінші рет жол беріп, Вьетнамның былтырғы чемпион атағын қорғап қалуына кедергі жасай алмады.

    Қазақстан Challenge Cup турниріне бірінші рет қатысып, финалда өнер көрсетті.

    Бұған дейін Ришат Гилязутдинов жаттықтыратын команда жартылай финалда алаң иелері – Филиппин командасын 3:0 (25:23, 25:21, 25:14) есебімен жеңіп, финалға шыққан болатын.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *