• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Баскетбол

    Баскетболдан ұлттық құрама сырт алаңда Қатардан басым түсті

    Баскетболдан еліміздің ерлер құрамасы Азия Кубогының іріктеу кезеңінде сырт алаңда Қатар командасын 68:73 (12:19, 25:14, 13:15, 18:25) есебімен жеңді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Ұлттық құрама сапында Антон Быков ең нәтижелі ойыншы болды. Ол торға  19 доп түсірді. Осыдан бірнеше күн бұрын Астанада Евгений Овсянников жаттықтыратын ұлттық құрама Үндістан командасын жеңген болатын. Енді Қатарды жеңгеннен кейін ...

    Read More »

    Баскетболдан ұлттық құраманың нәтижесі көңіл көншітпейді — министр

    Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев баскетбол федерациясының басшыларымен және жаттықтырушылар штабымен кездесті. Жиында федерация өкілдері баскетболдан ұлттық құрамалардың былтырғы  жылғы нәтижелерін қорытындылап, алдағы бәсекелерге дайындық жоспары таныстырылды, деп хабарлады ведомство. Баскетболдан Қазақстан құрамасы былтыр Қытайдағы Азия ойындарында жанкүйерлердің сенімін ақтай алмай, үздіктер қатарынан көріне алмады. Сонымен қатар ерлер арасындағы 5х5 құрамасы Париж Олимпиадасына жолдама беретін іріктеу жарыстарында сәтсіз ойнап, ...

    Read More »

    Баскетболдан әйелдер құрамасы Азия кубогына дайындалып жатыр

    Баскетбол Қазақстан әйелдер құрамасы елордада Азия кубогы қарсаңында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр, деп хабарлады Мəдениет жəне спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Қазақстан ұлттық құрамасы бас жаттықтырушы Виталий Стребковтің жетекшілігімен  бір аптадан кейін жаттығуды аяқтап, Таиландтың астанасы – Бангкок қаласына аттанады. Астана қаласындағы қазіргі жиын команданың ойын мәнерін жетілдіріп, комбинацияларды шыңдауға бағытталған. Кеше Ұлттық баскетбол федерациясының президенті Абай Алпамысов ...

    Read More »

    Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы көз жұмды

    Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, баскетболдан аты аңызға айналған КСРО ұлттық құрамасының мүшесі Әлжан Жармұхамедов өмірден өтті. Бұл туралы ЦСКА баскетбол клубының ресми сайтында жарияланды. ЦСКА мен ұлттық құраманың тамаша ойыншысы Әлжан Жармұхамедов дүниеден өтті. Аты аңызға айналған «Түркістан жыланы» 78 жаста еді, — делінген хабарламада. Әлжан Мүсірбекұлы Жармұхамедов – қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, 9 дүркін КСРО чемпионы (1970-1978 ...

    Read More »

    Іле баскетболы ілгері жылжып келеді

    Баскетбол олимпиадалық спорт түрі болғандықтан жарыстың бұл түріне жастарды тарту өте маңызды. Әсіресе, қыздар арасында өзіміздің қаракөз жастарымызда баулап, қызықтыра білудің орны ерекше. Бүгінгі таңда Алматы облысы осы спорт түрін дамытуды кеңінен қолға алып отыр. Оған жиілетіп өтіп жатқан жарыстар дәлел болады. Баскетболдан әсіресе, қыздар арасында Іле ауданының жастар мен жасөпірімдер командалары қамшы салдырмай алда келеді. Негізі, әрбір спортты дамыту ...

    Read More »

    Дүниені дүр сілкіндірген үш секунд

    Баскетболдан 1972 жылғы Мюнхень Олимпиадасының чемпионы, 1976 жылы Монреаль қаласында өткен Олимпиаданың қола жүлдегері, Еуропаның үш дүркін чемпионы, әлем чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері, КСРО-ның 10 дүркін жеңімпазы, КСРО еңбегі сіңген спорт шебері Әлжан Мүсірбекұлы Жармұхамедов туралы ой-толғам. Қазақ спорты тарихы мен әлем спортында аттары алтын әріппен аталып қалған жұлдызды спортшылар жетерлік. Солардың біртумасы Әлжан Жармұхамедов екенін  жақсы білеміз. Әлжан атамыздың ...

    Read More »

    Шүменов-Дортикос жекпе-жегі болмайды

    WBA (Regular) нұсқасы бойынша бірінші ауыр салмақтағы Әлем чемпионы Бейбіт Шүменовтің WBA нұсқасы бойынша уақытша Әлем чемпионы Юниер Дортикосқа қарсы жекпе-жегі қазақстандық былғары қолғап шеберінің жарақатына байланысты өткізілмейтін болды. Бұл туралы жекпе-жекті тікелей эфирде көрсетуі керек болған «Kazsport» телеарнасына Бейбіт Шүменовтің менеджері хабарлады. Еске сала кетейік, бірінші ауыр салмақтағы WBA нұсқасы бойынша Әлем чемпионы титулына арналған жекпе-жек 30 сәуірге жоспарланған ...

    Read More »