• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Басты тақырып

    «Алтын тұлпарда» жүлде алған жүйріктер

    «Алтын тұлпарда» – 2014 жы­лы 75 жүйрік, 2015 жылы 96 жүйрік, 2016 жылы 78 жүй­рік, 2017 жылы 37 жүйрік  бақ сынады. «Алтын тұлпар» аламан бәйгесінің Қазақстанның ең үздік сәйгүліктері қатысатын, айтулы атбегілердің асыға күтетін қызықты мерекесіне айнала бастағанына бірнеше жыл. Нақты айтқанда, бұл ат жарысы ең алғаш 2014 жылы «Нұр-Отан» партиясының қолдауымен, партияның 15 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған болатын. Сондай-ақ,  ...

    Read More »

    Намысты ұрпақ өсіп келеді

    Алтын күз есік қағып келгелі бері елімізде спорттың көптеген түрлерінен әлем деңгейдегі байрақты жарыстар өте бастады. Соның ішінде ерекше екшеп айтатын жаңалықтың бірі ол  – қыркүйек айында ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласында тұңғыш рет күрес түрлерінен өткен әлем чемпионаты. Қазақстанда алғаш рет үздік балуандардың басын қосқан белдесулер жанкүйерлерге тамаша әсер қалдырды. Сонымен бірге өзекті өртеген өкініштер мен күйініштер  де болды. Жалпы ...

    Read More »

    Ақтөбеде тоғызқұмалақ бәсекесі мәреге жетті

    Ақтөбе қаласындағы шахмат клубында ту көтерген, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары және  еліміздің 12 облысынан 56 спортшы қатысқан тоғызқұмалақ бәсекесі де аяқталды.  Бұл туралы Ұлттық спорт қауымдастығы хабарлады. Фестивальға қатысушылар қатарында 2 республикалық еңбек сіңірген спорт шебері, 15 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 15 спорт шебері атағын иеленген тәжірибелі ойыншылар болды. Ойыншылар тоғызқұмалақтың классикалық түрінен бақ сынады. Жарыстың бас төрешісі – халықаралық дәрежедегі ...

    Read More »

    Ақтөбеде көкпар жарысы аяқталды

    Ақтөбе қаласында 18 қыркүйекте басталған көкпар додасы бүгін мәреге жетті. Фестивальға қатысқан еліміздің 12 көкпар командасы арасынан үздік шыққан төрт команда таңертеңнен бастап жүлделі орындарды сарапқа салды. Бұл туралы Ұлттық спорт қауымдастығы хабарлады. Солтүстік Қазақстан облысы мен Ақтөбе облысы командалары арасындағы бәсеке 3:2 есебімен аяқталып, ақтөбелік көкпаршылар қола жүлдеге қол жеткізді. Ал, финалдық ойында ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нұрдәулет Момыновтың ...

    Read More »

    Ұлттық спорт түрлерінен фестиваль: құсбегілік бәсекесі 

    Ақтөбе қаласының іргесіндегі Ақжар ауылы аумағында өткен құсбегілер бәсекесі кеше аяқталды. Бұл туралы Ұлттық спорт қауымдастығы хабарлады.  Жарысқа еліміздің 11 өңірінің құсбегі-спортшылары қатысты. Жанкүйерлер саят құстарының еркін ұшыру, қолға шақыру  бәсекелерін, бүркіттің шырғаға, қоянға, түлкіге түскенін, қаршығалардың қоян, кептер ұстағанын, ителгілердің қоянға түсіп, далбайда ойнағанын бірнеше күн бойы тамашалады. Төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын ұлттық спорт фестиваліндегі құсбегілер  жарысының нәтижесі ...

    Read More »

    «Алтын тұлпар» Жайықтың жағасында жалғасады

    12 қазан күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы  аясында «Нұр-Отан» партиясының қолдауымен, Ұлттық спорт қауымдастығы мен Атырау облыстық әкімдігінің бірлесе ұйымдастыруымен Атырау облысы, Махамбет ауданы Алмалы елдімекенінде «Алтын тұлпар» аламан бәйгесі тамашаланады. Бұл туралы Ұлттық спорт қауымдастығы хабарлады. «Алтын тұлпар» бәйгесінің 2014 жылдан бастап төрт мәрте Нұр-Сұлтан қаласы аумағында өткізілгені баршаға белгілі. Қазақы қолтума жүйрік жылқылар ...

    Read More »

    Ұлттық спорт түрлерінен фестиваль: жамбы ату

    Бүгін Ақтөбедегі ұлттық спорт фестивалінің Жамбы ату бәсекесі аяқталды. Бұл туралы Ұлттық спорт қауымдастығы хабарлады. Фестивальға Нұр-Сұлтан қаласының, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола, Қарағанды, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл мен Атырау облыстарының мергендері қатысты. Ат үстінен садақ атудан бақ сынаған 13 өңірдің мергендері арасынан жүлделі орын иелері анықталды. Фестивальдың алтын жүлдесін 33 ұпай иеленген сұрмерген Ералхан Айкөз олжалады. ...

    Read More »

    Ұлттық спорт түрлерінен фестиваль: көкпар

    Ақтөбедегі ұлттық спорт фестивалында 18 қыркүйек күні басталған командалық көкпар бәсекесі де мәреге жетуге таяп қалды. Кеше еліміздің көкпар командаларының  соңғы кездесулері аяқталды. Бұл туралы Ұлттық спорт қауымдастығы хабарлады. Нәтижесі төмендегідей. 5 орын – Нұр-Сұлтан қаласының командасы.  6 орын – Қостанай облысы. 7 орын – Маңғыстау облысы. 8 орын – Ақмола облысы. 9 орын – Қызылорда облысы. 10 орын – ...

    Read More »

    Үлкен істі үйрен, үйрен де жирен

    Инвестицияны мұнай-газға емес, Адамға салатын уақыт келді.                                             Н.Назарбаев  Бұл бір клубтың ғана емес бүкіл Қазақстанның арманы еді. Қазақстан үкіметінен және футбол федерациясынан бұрын бұл арманға «Арландар» клубы қол жеткізіп отыр.  Мақсатымыз, Қазақстанның жасөспірім балаларын Португалия футбол академияларында оқыту арқылы әлемдік деңгейдегі футболистер дайындау. Неге Португалия? Футболистер дайындаудың барлық параметрлері бойынша Португалияның академиялары әлемде №1  спорт ордасы. «Бенфика» мен «Спортинг» ...

    Read More »

    Ұлттық спорт түрлерінен фестиваль: тоғызқұмалақ

    Ақтөбе қаласында ұлттық спорт түрлерінен басталған V фестиваль көрігін тоғызқұмалақ шеберлері қыздыруда. Жарысқа Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары және еліміздің 12 облысынан барлығы 56 спортшы қатысуда. Бұл туралы Ұлттық спорт қауымдастығы хабарлады. Тоғызқұмалақ бәсекесі Ақтөбе қаласындағы шахмат клубында ту көтерді.  Фестивальға қатысушылар қатарында 2 республикалық еңбек сіңірген спорт шебері, 15 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 15 спорт шебері атағын иеленген тәжірибелі ойыншылар бар. ...

    Read More »