• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Басты тақырып

    Жәнібек Әлімханұлы Бентлиді неге нокаутқа түсірмегенін айтты

    Боксшы Жәнібек Әлімханұлы британиялық Дензел Бентлимен 12 раундтық жекпе-жекте жеңіске жеткеннен кейін оны неліктен нокаутқа түсірмегенін айтты. Ол бұл айқасқа дейін қарсыласын нокаутқа түсіруге уәде берген болатын. Бұл – бокс. Мұндай айқастарға боксшылар 100 пайыз дайындалып шығады. Бұл – менің бірінші 12 раундым. Алда жақсылап дайындалып, бұдан да жақсы өнер көрсетеміз, — деді Жәнібек рингте тұрып.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Әлем чемпионаты: Қазақстан самбошылары 10 медаль алды

    Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласында өткен самбодан әлем чемпионатында Қазақстанның ұлттық құрама командасы 3 күміс, 7 қола жүлде алды. Жарыстың үшінші күнінде жауынгерлік самбодан 71 келіге дейінгі салмақта Әсет Анарбаев финалға шығып, израильдік Тариэль Аббасовқа есе жіберді. Ал 88 келіде Айбек Саметаев жартылай финалда сүрініп, қола жүлдеге ие болды. Тағы бір қола медальді әйелдер арасында 80 келіден аса салмақта Арайлым Әбенова ...

    Read More »

    Жәнібек Әлімханұлы қарсыласымен 12 раунд бойы жұдырықтасты

    Орта салмақтағы боксшы Жәнібек Әлімханұлы британиялық Дензел Бентлимен жұдырықтасты. АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы бокс кешінде қарсыластар Жәнібекке тиесілі WBO белбеуін сарапқа салған еді. Бұл жекпе-жекте белгіленген 12 раунд толық болды. Соңында Жәнібек Әлімханұлы төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетіп, чемпиондық атағын қорғап қалды.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Азия чемпионатында Қазақстан боксшылары бірінші орын алды

    Иордания астанасы Амман қаласында бокстан XXXII Азия чемпионатын аяқталды. Қазақстан ерлер мен әйелдер құрамасының нәтижесін қоса есептегенде жалпы есепте бірінші-орын алды. Қоржынымызда 6 алтын, 7 күміс пен 8 қола жүлде. Екінші – Өзбекстан (6 алтын, 3 күміс, 4 қола), үшінші – Үндістан (4 алтын, 2 күміс, 5 қола). Бәсекені соңғы күні ерлер 13 салмақта биылғы үздіктерді анықтады. Қазақстан құрамасы сапындағы ...

    Read More »

    «Барыстың» жас хоккейшісі ҚХЛ матчының жұлдызына айналды

    «Барыстың» хоккейшісі Дінмұхамед Қайыржан ҚХЛ-дегі «Витязь» командасына қарсы кездесуде бір жұлдызға ие болды. Бұл кездесуде «Барыс» өз алаңында қарсыласынан  2:3 есебімен ұтылып қалды. Ал 19 жастағы Қайыржан елордалық команданың екінші шайбасын соқты. «Жақсы ашылып, екі шайба соғатын мүмкіндіктің біреуін сәтті пайдаланды», — деп жазады Қайыржан туралы ҚХЛ ресми сайты.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Қазақстан — Өзбекстан: команданың тізімін жарияланды

    Өзбекстан мен БАӘ құрама командаларымен жолдастық кездесу өткізетін Қазақстан ұлттық құрамасына шақыртылған футболшылардың тізімі жарияланды. Тізімге футболдан екі жылға шеттетілген Бауыржан Исламхан да енді. Футболшы соңғы рет ел құрамасы сапында 2020 жылдың қыркүйегінде Беларусь командасына қарсы ойнады. Өзбекстан мен Қазақстан құрамалары арасындағы жолдастық матч 16 қарашада Ташкентте, БАӘ құрамасына қарсы матч 19 қараша күні Әбу-Даби қаласында өтеді. Ұлттық құрамаға шақырылған ...

    Read More »

    Қазақ боксшыларының финалдағы қарсыластары анықталды

    Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалы аяқталды. Нәтижесінде Қазақстан ұлттық құрамасының 12 боксшысы финалға шығып отыр. Олардың тоғызы – ер, үшеуі – әйел. 48 кг салмақ дәрежесінде Алуа Балқыбекованың қарсыласы жапониялық Като Хикару жарақатына байланысты финалға шықпайды. Сол себепті, Балқыбековаға Азия чемпионы атағы берілді. Осылайша ол екі дүркін құрлық чемпионы атанды. Әйелдер арасындағы финалдық жекпе-жектер 11 қарашада өтсе, ерлердікі 12 ...

    Read More »

    Бауыржан Исламхан допинг дауынан кейін Қазақстан құрамасына шақырту алды

    Бауыржан Исламхан Қазақстан ұлттық құрамасының қараша айында Өзбекстан және Біріккен Араб Әмірліктерімен өткізетін жолдастық матчтарына шақырту алды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлады. «Футболшының екі жылдық дисквалификациясы аяқталып, кәсіпқой командамен жаттығуды жалғастыруға болатыны туралы тиісті құжаттар алынды», – делінген хабарламада. Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабы бір ай бойы Бауыржан Исламханмен жаттықтыру жұмысын жүргізіп, командаға шақыру туралы шешім қабылдады. «Бауыржан туралы көп естігенмін. ...

    Read More »

    Бокс: Алуа Балқыбекова Азия чемпионы атанды

    Иорданияның астанасы Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Алуа Балқыбекова алтын медальді жеңіп алды. 48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Балқыбекова жартылай финалға жетіп, алтын жүлдеге таласуға мүмкіндік алған еді. Бүгін ол финалдағы қарсыласы қолын жарақаттап алғандықтан алтын медальді жекпе-жекке шықпай иеленді. Осылайша Алуа Балқыбекова Азияның екі дүркін чемпионы атанды.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Әлем чемпионатына іріктеу: Қазақстан Черногорияны ірі есеппен ұтты

    Алматыда футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінің матчы болды. Онда Қазақстан құрамасы Черногория командасымен кездесіп, 7:0 есебімен ұтты. Бұл матчта голдарды Дуглас (2-минут), Әбдірасул Әбдіманапұлы (4), Арнольд Кнауб (15), Альберт Ақбалықов (21), Біржан Оразов (25, 25) пен Азат Валиуллин (40) салды. Осылайша, Қазақстан құрамасы тоғыз ұпай жинап, негізгі кезеңнің бесінші тобындағы бірінші орнын сақтап қалды. Қазір еліміздің ұлттық құрама ...

    Read More »