• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Бүгін «Астана» Тбилисидің «Динамо» клубымен кездеседі

    Бүгін футболдан UEFA Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу турнирінде «Астана» клубы Грузияның Тбилиси қаласында осы елдің «Динамо» командасымен кездеседі.

    Матч Астана уақытымен сағат 22.00-де басталады. Ойын Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

    Астанада өткен алғашқы кездесуде командалар 1:1 есебіне тең тарқасты. Енді бүгінгі матчтан UEFA Чемпиондар лигасының келесі іріктеу турниріне шығатын команда анықталады. Осы ойында жеңген клуб Хорватияның «Динамо»(Загреб) командасымен кездеседі. Бұл ойындар 25 шілде мен 1 тамызда болады.

    Тбилисидің «Динамо» болса 1925 жылы құрылған. Ол КСРО кезінде 1964, 1978 жылдары ел чемпион атанған. 1990 жылдан бері Грузияның чемпионатын 18 рет жеңген.

    1981 жылы UEFA кубок иегерлері кубогының иегері атанған.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *