• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    olympic.kz

    Команда Олимпиадаға жақсы дайындалып жатыр – Мырзағали Айтжанов (ВИДЕО)

    Бокстан Қазақстан құрамасы 13-18 мамыр аралығында Астанада өтетін «Елорда кубогі» турнирі қарсаңында БАҚ өкілдеріне арнап ашық жаттығу жиынын өткізді.

    Жиынға ұлттық құраманың бірінші нөмірлі спортшыларының бәрі қатысып жатыр. Ұлттық құрама команданың бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов БАҚ өкілдеріне Олимпиадаға дайындықтың қалай өтіп жатқанын айтты.

    Оның айтуынша, команданың «Елорда кубогі» турнирі мен Олимпиадаға дайындығы жақсы.

    «Елорда кубогы» — елімізде өтетін ең ірі халықаралық турнирлердің бірі. Бұл сынға жыл сайын жер жүзінің мықты деген боксшылары жиналады. Бірақ биыл боскшылар Олимпиадаға қатысатын болған соң, әр елдің құрама командасы Олимпиадаға іріктеу турнирлеріне өз елдерінде дайындалып жатыр. Сондықтан біраз елдің боксшылары келе алмайды. Турнирге жалпы есебі 8 мемлекеттің былғары қолғап шеберлері келеді деп жоспарланып отыр. Осының өзі біздің Парижге баратын боксшылар үшін үлкен пайда. Әрқайсысы 3-4 рет шаршы алаңға шығып, Олимпиадаға дайындығын бір саралап алады, — деді ол.

    Бас жаттықтырушы бұған дейін Түркістан облысындағы «Алма тау» базасында шет ел боксшыларымен бірге жаттыққанын айтты.

    Бұл жиынға Өзбекстан құрамасынан Олимпиадаға қатысатын төрт жігіт қатысты. Тәжікстанның бір өкілі, Куба құрамасы келді. Жаттығу жиыны кішігірім әлем чемпионаты өткендей әсер қалдырды. Өйткені, онда  Олимпиадада бақ сынайтын спортшыла жиналып, дайындалды.

    Жаттығу жиыны бәріне де пайдалы болды. Біздің мақсат — Олимпиада. Боксшылар Олимпиадада жақсы өнер көрсету үшін барын салып, дайындалып жатыр, — деді маман.

    Мырзағали Айтжановтың айтуынша, «Елорда кубогы» турниріне ұлттық құраманың бірінші, екінші және үшінші нөмірлі спортшылары қатысады. Олардың арасында Олимпиадаға лицензия алған Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Нұрбек Оралбай (81 кг), Айбек Оралбай (92 кг) пен Қамшыбек Қоңқабаев (+92 кг) бар.

    Турнирде Қазақстан құрамасы кем-кетікті тағы бір рет анықтап алады. Әзербайжан мен Жапониядан Олимпиадаға қатысатын боксшылар келеді. Бірақ Өзбекстан командасы олимпиялық құрамын жіберген жоқ. Ол елден де мықты боксшылар қатысады. Өзбекстан құрамасы Ресейде өтетін халықаралық турнирге барады.

    «Елорда кубогы» халықаралық турниріне Қазақстан сапынан 60-қа жуық боксшы қатысады.

     

    View this post on Instagram

     

    A post shared by Kazakhstan Olympic Team (@olympickz)

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *