• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Басты тақырып

    Универсиада: Керлинг жарысының жеңімпаздары анықталды

    Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған VIIІ Қысқы Қазақстан Универсиадасы  жалғасуда. Бұл туралы  Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының баспасөз қызметі хабарлады. Бүгін «Алматы аренада» керлинг жарысының жеңімпаздары марапатталды. Жарысқа 10 жоғары оқу орнының студенттері қатысты. Бұл сында ерлер арасында бірінші орынды Қазақ спорт және туризм академиясы жеңіп алды. Күміс жүлдені С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік ...

    Read More »

    Жасөспірімдер шорт-тректен жарысты

    Елордада  Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен шорт-тректен оқушы ұлдар және қыздар арасында Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған республикалық жарыс мәресіне жетті. Бұл туралы аталған орталықтың баспасөз қызметі хабарлады. Кеше алғашқы айналым бойынша жекелей есепте 1000-1500 м қашықтықта үздіктер марапатталса, бүгін жалпыкомандалық есепте жеңімпаздар анықталды. Бұл сында бірінші орынды Нұр-Сұлтан қаласының оқушылары жеңіп алса, екінші орынды ...

    Read More »

    Қазақстан Студенттер лигасының бірінші туры аяқталды

    Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен елімізде жастар арасында волейболды  дамыту, студенттердің халықаралық  жарыстарға қатысуы үшін құрама команданы анықтау және жоғары оқу орындарының спорт клубтары арасындағы байланыстарды арттыру мақсатында  Қазақстан студенттер лигасы басталды, деп хабарлады аталған орталықтың баспасөз қызметі. Лига 5 турдан тұрады. FIVB халықаралық ережелері бойынша өткізілуде. 1-тур 23.02-01.03.2020 ж. Түркістан қаласы (Қожа Ахмет Ясауи ...

    Read More »

    «Іле» гандбол командасының алар асулары алда

    Гандбол – олимпиадалық спорт түрі болғандықтан, жарыстың бұл түрін дамыту өңірлерде дұрыс жолға қойылып келеді. Алдымен осы қол добы спортының шығу тарихы туралы аз-кем тоқтала кетсек. Оның пайда болу уақыты 1898 жыл деп есептеледі. Бұл спортты дене шынықтыру мұғалімі Хольгер Нильсен ойлап тапты. Бұл ойында әрбір командада жеті ойыншыдан болады. Гандбол топтық ойын, мұнда допты қолмен ғана ойнайды. Ойынның басты ...

    Read More »

    VIII Қысқы Универсиадада жеңімпаздар анықталып жатыр

    Осы күндері әлемнің екінші ұстазы атанған Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған VIII Қазақстан Универсиадасының ойындары одан әрі жалғасып жатыр. Бүгін қысқы президенттік көпсайыстан жарыстар аяқталды. Бұл сында қыздар арасында бірінші орынды С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, екінші орынды Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, үшінші орынды Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ студенттері жеңіп алды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» ...

    Read More »

    VIII Қысқы Қазақстан Универсиадасы басталды

    Студенттердің спорттық шеберлігі мен жеңіске деген жігерін сынайтын дода шығыстың ғұлама ғалымы Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналып отыр. Универсиада ерлер мен қыздар арасындағы қысқы Президенттік көпсайыстан басталды, деп хабарлады Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» баспасөз қызметі. Оның салтанатты ашылу рәсіміне ШҚМТУ ректоры Жасұлан Шаймарданов, Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» бас директоры Садық Мұстафаев, ...

    Read More »

    Алик Айдарбаев – «Қазақстандық біріккен аралас жекпе-жек федерациясы» ҚБ басшысы

    Мәдениет және спорт министрлігінде «Қазақстандық біріккен аралас жекпе-жек федерациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің кезектен тыс есептік сайлау отырысы өтті, деп хабарлады  ММА баспасөз қызметі. Кездесуге Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Ассоциациясы президенті Әнуар Садықұлов, «Қазақстандық біріккен аралас жекпе-жек федерациясы»  президенті Есенов Ғалымжан, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев және құрылтай кеңесінің мүшелері қатысты. Федерацияның бас директоры ...

    Read More »

    ММА федерациясы мен Arlan MMA Pro Team командасы әріптес

    Алматы қаласында қазақстандық ММА аралас жекпе-жек біріккен федерациясының ұйымдастыруымен еліміздегі ММА аралас жекпе-жек спортының дамуына арналған баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлады аталған ұйымның баспасөз қызметі. Жиында федерация өкілдері ресейлік М-1 Global ұжымының ұйымдастыруымен өткен байқауда үздік танылған спортшылар мен жаттықтырушыларды құттықтады. Еске сала кетсек, былтыр 19 желтоқсаннан бастап М-1 Глобал ұжымы өз сайттарында  «Жыл спортшысы»,  «Жыл серпілісі», «Үздік жекпе-жек», «Жыл ...

    Read More »

    VIII Қысқы Қазақстан Универсиадасына 10 күн қалды

    Бүгін Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен VIII қысқы Қазақстан Универсиадасына байланысты баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлады аталған орталықтың баспасөз қызметі. 20 ақпан – 20 наурызда Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған VIIІ қысқы Қазақстан Универсиадасы өтеді. Қазақстан Универсиадасы 5 спорт түрінен (қысқы президенттік көпсайыс 20-24 ақпан Өскемен, керлинг 26 ақпан -7 наурыз Алматы, қысқы ...

    Read More »

    Қазақстанда алғаш рет ММА-дан Азия чемпионаты өтеді

    6-8 ақпан күндері Нұр-Сұлтан қаласында IMMAF Халықаралық аралас жауынгерлік жекпе-жек ұйымының директорлар кеңесі өтті, деп хабарлады қазақстандық ММА аралас жауынгерлік жекпе-жек федерациясының баспасөз қызметі. Оған IMMAF президенті Керит Браун, IMMAF директорлар кеңесінің мүшесі және Азия аймағы бойынша директоры  Висам Аби Надер, Өзбекстан Республикасы аралас жауынгерлік жекпе-жек қауымдастығының вице-президенті  Шерзод Тошматов және ММА қазақстандық аралас жауынгерлік жекпе-жек федерациясының бас директоры Валихан ...

    Read More »