• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Дүниежүзілік халықаралық аударыспақ федерациясы құрылды

    Алматыда Қазақстанның Аудыраспақ Федерациясы өкілдері мен Моңғолиядан келген делегациямен кездесуі өтті, деп хабарлады Halyq Uni.

    Кездесудің негізгі мақсаты Моңғолияда «Аударыспақ» спортын дамыту, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ат спорты түрлері қауымдастығы мен Аударыспақ Федерациясының қолдауымен IV Азия чемпионатын өткізу және федерациялар арасындағы жұмыс жоспарын талқылау болды.

    Кездесу аясында екі федерация ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Бұл қадам Қазақстан мен Моңғолия арасындағы ұлттық ат спорты саласындағы ынтымақтастықты дамыту үшін жаңа перспективалар ашады.

    Кездесуде штаб-пәтері Қазақстан Республикасының Алматы қаласында орналасқан Дүниежүзілік халықаралық аударыспақ федерациясын құру туралы тарихи шешім қабылданды. Дүниежүзілік халықаралық аударыспақ федерациясының қатысушы елдері 11 мемлекетті анықтады: Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы, Қытай, Венгрия, Ауғанстан, Түркия, Моңғолия, Тәжікстан, Өзбекстан, Әзірбайжан.

    Делегаттар 2023 жылғы 05-07 шілдеде Қазақстан Республикасының Алматы қаласында Бүкіләлемдік аударыспақ халықаралық қоғамдастығының тарихта алғашқы Құрылтайдың өтетін күндерін анықтады, онда барлық 11 қатысушы елдің өкілдері жиналады. Дүниежүзілік халықаралық аударыспақ федерациясының президенті болып Марат Жұман сайланды.

    Нәтижесінде Моңғолиядан келген делегациямен кездесу сәтті және нәтижелі болды, ол екі федерация арасындағы ынтымақтастықты нығайтты.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *