• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Бокс

    Әлем чемпионатындағы сегізінші күнгі нәтиже: 2 жеңіс, 1 жеңіліс

    Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының сегізінші күні Қазақстанның екі былғары қолғап шебері жеңіп, бір боксшысы жеңіліске ұшырады. Бұл туралы rast.kz хабарлады. Бүгін 54 келіге дейінгі саңлақтар – 1/16 финалдық, ал 48, 60, 86 және 92 келіге дейінгі салмақтардағы атлеттер 1/8 финалдық жекпе-жектерін өткізді. Бізден 54 келіге дейінгі салмақтағы Махмұд Сабырхан күндізгі сессияда рингке бірінші болып шығып, венгр Иштван Закамен күш сынасты. ...

    Read More »

    Бокс: жетінші күнгі көрсеткіші: 3 жеңіс, 1 жеңіліс

    Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының жетінші күні Қазақстан боксшыларының үшеуі жеңіске жетіп, біреуі ұтылып қалды. Бұл туралы rast.kz хабарлады. Бүгін 51 және 75 келіге дейінгі салмақтағылар – 1/16 финалдық, ал 57 келіге дейінгі және 92 келіден ауыр салмақтағылар 1/8 финалдық шайқастарын өткізді. Біздің боксшылардан Ташкент рингіне бірінші рет шығып тұрған Сәкен Бибосынов (51 кг) – үндістандық Дипак Дипакпен, Нұрқанат Райыс (75 ...

    Read More »

    Нұрқанат Райыс бокстан әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды

    Ташкент қаласында ерлер арасында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Нұрқанат Райыс ширек финалға жолдама алды, деп хабарлады  Halyq-uni.kz. Қазақстандық боксшы 75 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда доминикандық Дельгадо де лос Сантоспен шеберлік байқасты. Нұрқанат Райыс бірінші раундта нокдаун алғанына қарамастан, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті. Осылайша, Нұрқанат алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді.

    Read More »

    «Бибосынов жекпе-жегінің дауы». Қазақстан бокс федерациясы IBA-ға ресми шағым түсірді

    Қазақстан бокс федерациясы Халықаралық бокс федерациясының президенті Умар Кремлевқа ресми шағым жолдады, деп хабарлады Zakon.kz. Ташкентте өтіп жатқан 2023 жылғы әлем чемпионатында аясындағы Сәкен Бибосынов пен үнді боксшысы Дипак Кумардың жекпе-жегі бойынша төрешілердің шығарған даулы шешіміне қатысты шағым түсірілді. Қазақстан бокс федерациясы Халықаралық бокс қауымдастығының (AIBA) президенті Умар Кремлевтің атына Сәкен Бибосыновтың жекпе-жегі бойынша төрешілердің шығарған даулы шешіміне байланысты ресми ...

    Read More »

    Сәкен Бибосынов алғашқы кездесуінде-ақ жарыс жолынан шығып қалды

    Әлем чемпионы Сәкен Бибосынов Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды, деп хабарлады Halyq-uni.kz. 51 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен ол 2019 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері, үндістандық Дипак Кумарға есе жіберіп, бірден жарыс жолынан шығып қалды.  

    Read More »

    Қазақстан спортшы Сауль Альварестің бокс кешінде мексикалық қарсыласын нокаутпен жеңді

    Боксшы Әбілхан Аманқұл (3-0, 3 КО) Сапопанда (Мексика) Сауль «Канело» Альварестің бокс кешіндегі андеркардта өнер көрсетті, деп хабарлады Halyq-uni.kz. Аманқұл мексикалық Фабиан Риос Фраустоға (7-6-3, 4 КО). қарсы шықты. Жекпе-жек супер жартылай салмақта өтті және ол 8 раундқа есептелген еді. Алайда қазақстандық боксшы қарсыласын екінші раундта техникалық нокаутқа жіберіп, жеңіске жетті. Осылайша, Әбілхан Аманқұл кәсіби рингтегі 4-жеңісіне қол жеткізді. Ал Фабиан ...

    Read More »

    Бокс: алтыншы күнгі жетістік – екі жеңіс

    Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында жалау желбіреткен бокстан әлем чемпионатының алтыншы күнінде рингке екі қазақ көтеріліп, екеуі де 5:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл туралы rast.kz хабарлады. Бүгін 63,5 келіге дейінгі салмақтағылар – 1/8 финалдық, ал 67, 71 келіге дейінгі салмақтағылар 1/16 финалдық жекпе-жектер өткізді. Біздің екі атлет те күндізгі сессияда шайқасты. Екеуі де Ташкент рингіне бірінші рет шықты. Соның ішінде 67 келіге ...

    Read More »

    Бокс: бесінші күнгі көрсеткіш – екі жеңіс, бір жеңіліс

    Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының бесінші күні біздің екі атлет жеңіске жетіп, бір спортшымыз жеңіліске ұшырады. Бұл туралы rast.kz хабарлады. Бүгін 57, 80 және 92 келілерге дейінгі салмақтардағы былғары қолғап шеберлері шаршы алаңды шайқады. Күндізгі сессияда 57 келіге дейінгі салмақтағы Серік Теміржанов 1/16 финалда малилік Абдул Карим Батхилимен жұдырық түйістірді. Нәтижесінде біздің жігіт ұпай санымен жеңіске жетті. Малилік боксшы осы чемпионаттың ...

    Read More »

    Әлем чемпионатына өзге ел атынан қазақ боксшылар қатысып жатыр

    Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында бокстан ересектер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатына өзге мемлекеттердің атынан тегі қазақ боксшылары да күш сынасып жатыр. Олар Қытай, Бахрейн, Өзбекстан мен Моңғолия ұлттық құрамаларының сапында жарысқа қатысуда. Қытай Халық Республикасының құрамында тегі екі қазақ былғары қолғап иесі бар. Олар 80 келі салмақтағы Таңатхан Тоқтарбек (Tanglatihan Tuohetaerbieke) мен аса ауыр салмақтағы Данабек Байғазы (Danabieke Bayikewuzi). ...

    Read More »

    Боксшы Серік Теміржанов әлем чемпионатын жеңіспен бастады (ВИДЕО)

    Өзбекстанның Ташкент қаласында бокстан ересектер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасының 57 кг салмақтағы өкілі Серік Теміржанов жарысты жеңіспен бастады. Теміржанов 1/16 финалда Малидің спортшысы Абдул Карим Батилимен жұдырықтасты. Тартысты өткен жекпе-жекте боксшымыз төрешілердің шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, тағы бір боксшымыз 1/8 финалға шықты. Серік Теміржанов 2021 жылғы әлем чемпионатының және 2022 жылғы Азия чемпионатының жүлдегері. ...

    Read More »