• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Бокс

    Фируза Шарипова ресейлік қарсыласын 13 секундта есеңгіретіп тастады (ВИДЕО)

    Алматыдағы OCTAGON 44 турнирінің басты жекпе-жектерінің бірінде аса жеңіл салмақта бокстан IBA және WBU тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Фируза Шәріпова жеңіске жетті. Ол ресейлік Илона Бондаренкомен кездесіп, жойқын соққыларымен қарсыласын уақытынан бұрын жеңді.   Еркеғали БЕЙСЕНОВ, АСТАНА     View this post on Instagram   A post shared by OCTAGON (@octagonleague)

    Read More »

    Украинаның атақты боксшысы қайтадан соғысып жүр (ВИДЕО)

    Олимпиада чемпионы, WBA, WBO, IBO және IBF тұжырымдары бойынша аса ауыр салмақтағы Украина боксшысы Александр Усик қолына қайта қару алып, майданның алғы шебінде жүр. Оның Ресей әскеріне қарата оқ жаудырған кезде түскен видеосы жарияланды. Александр Усик былтыр Ресей қарулы күштері Украинаға басып кіргенде де қолына қару алып, Киев қаласын қорғауға қатысты. Сол кезде онымен бірге тағы бір украин былғары қолғап ...

    Read More »

    Бокстан әлем чемпионатына қатысатын Ресей құрамасы анықталды (ВИДЕО)

    Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында бокстан ересектер арасында өтетін әлем чемпионатына қатысатын Ресей ұлттық құрама командасы да анықталды. Тізімде Кавказ өңірінің былғары қолғап шеберлері көп. Сонымен бірге Саха Республикасының атынан қатысатын боксшы да бар. Ресей ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Виктор Фархутдинов әлем чемпионатына баратын боксшылардың тізімін жариялады. 48 кг: Эдмонд Худоян (Челябі облысы) 51 кг: Василий Егоров (Мәскеу облысы – ...

    Read More »

    АҚШ бокс федерациясы IBA құрамынан шықты

    АҚШ бокс федерациясы Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) құрамынан шығатыны туралы ескертухат жолдады. Бұл шешімді Бокс федерациясының кеңесі бірауыздан қабылдаған. Хабарламада америкалықтардың Халықаралық бокс қауымдастығының олимпиадалық қозғалысты сыйламай, Париж Олимпиадасының іріктеу жүйесіне араласып жатқанын,  ХОК талаптарына бағынбай отырғанын ескеріп, ұйымнан шығатыны туралы шешім қабылдағаны айтылған. Осы жағдайдан кейін АҚШ бокс федерациясы «Әлемдік бокс» атты жаңа қауымдастықтың құрылғанын хабарлады. Бұл ұйымға Ұлыбритания да ...

    Read More »

    Ресейде төрешілер қазақ боксшысының аяғынан шалды (ВИДЕО)

    Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен бокс кешінде дау шықты. Оған Қазақстан атынан жартылай орта салмақтағы Сағадат Рахманқұлов қатысып, төрешілердің шешімімен жергілікті боксшы Виталий Петряковтан (97-93, 95-95, 96-94) жеңіліп қалды. Алайда төрешілердің бұл шешімі соңынан дау тудырды. Өйткені, 10 раундқа созылған жекпе-жекте қазақ бкосшысы шаршы алааң иесін айқын басыпдықпен жеңген деген мәлімет бар. Осыған байланысты бокс жанкүйерлері әлеуметтік желіде наразылық білдірді. «Сендерде ...

    Read More »

    Жан Кособуцкий ешкімнен жеңілмеген нокаутшымен жекпе-жекке шығады

    Кәсіпқой боксшы Жан Кособуцкийдің келесі қарсыласы анықталды. Ол жақын арада осы кезге дейін шаршы алаңда ешкімнен жеңілмеген америкалық Джаред Андерсонмен жекпе-жекке шығады. Америкалық боксшының жасы – 23-те. Жан Кособуцкий – 34-те. Джаред Андерсон кәсіпқой рингке 13 рет шығып, бірде-бір рет жеңіліп көрмеген. Оның «Дәу балақай» деген лақап аты бар екен. Белгілі америкалық журналист әрі инсайдер Майк Коппинджердің айтуынша, жекпе-жек 1 ...

    Read More »

    Әлем чемпионатына баратын боксшылар анықталды

    Бокстан 1-14 мамыр аралығында Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында жалауы желбірейтін әлем чемпионатына қатысатын Қазақстаның ұлттық құрама командасының тізімі анықталды. Бұған дейін хабарланғандай, осы күндері ұлттық құрама боксшылары Шымкент қаласындағы «Алма-Тау» базасында соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Сонымен Өзбекстанның астанасына Қазақстан құрамасының мына былғары қолғап шеберлері аттанады. Санжар Тәшкенбай (48 кг) Сәкен Бибосынов (51 кг) Махмұд Сабырхан (54 кг) Серік ...

    Read More »

    Қазақ қызы бокстан Моңғолияның чемпионы атанды

    Моңғолияның астанасы — Ұланбатыр қаласында бокстан жастар арасындағы ел чемпионатында 75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Зейнеп Әзімбайқызы бас жүлдені жеңіп алды. Ол қыздар арасында өткен жекпе-жектерде қарсыластарын қиналмай ұтып, осымен екінші рет ел чемпионы атанды. Бұған дейін Зейнеп Әзімбайқызы 2022 жылы ересектер және жастар арасында ел чемпионы атанған еді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Бокстан әлем чемпионатының кестесі жарияланды

    Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында 1-14 мамыр аралығында өтетін бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионатының кестесі жарияланды. 30 сәуірде жеребе тарту (Астана уақыты бойынша сағат 17.00-18.00) және турнирдің салтанатты ашылу рәсімі (сағат 20.00-22.00) өтеді. 1-10 мамыр аралығында алдын ала жекпе-жектер болады. Күндізгі сессия 14.00-де, кешкі сессия 19.00-де басталады. Жартылай финалдық кездесулер 12 мамырда өтеді (15.00-18.00, 19.00-22.30). 13 және 14 мамырда финал ...

    Read More »

    Бокстан ұлттық құрама соңғы дайындықты бастады (ВИДЕО)

    Шымкент қаласындағы «Алма-Тау» базасында бокстан Қазақстан ұлттық құрама командасының оқу-жаттығу жиынының соңғы кезеңі басталды. Бұған дейін хабарланғандай, ұлттық құрама Өзбекстанның астанасы -Ташкент қаласында өтетін әлем чемпионатына дайындықтың алғашқы оқу-жаттығу жиыны аяқталған болатын. Енді боксшылар 29 сәуірге дейін «Алма-Тау» базасында әлем чемпионатына дайындықтың соңғы кезеңін өткізеді. Одан кейін 30 сәуірде Ташкентке жол жүреді. Осы күні әлемдік доданың жеребе тарту рәсімі басталады. ...

    Read More »