• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Боксшы Шүменовке қатысты тергеу басталды – ІІМ

    Ішкі істер министрлігі Астанадағы MEGA SILK WAY сауда ойын-сауық орталығындағы төбелес шығарған боксшы Бейбіт Шүменовке қатысты тергеу ісімен айналысып жатыр.  

    Еске сала кетсек, 18 маусымда Астанадағы MEGA SILK WAY СОО-дағы кафелердің бірінде боксшы Бейбіт Шүменов қоғамдық тәртіпті бұзып, сауда ойын-сауық орталығында баласын қолында ұстап отырған адамды ұрып-соққан.

    Қазіргі уақытта осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабымен (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот шешімімен күдікті кәнілі деп танылса  5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді, – делінген ІІМ-нің хабарламасында.

    Ішкі істер органдары барлық қажетті жедел-тергеу іс-шараларын жүргізуде. Олардың нәтижелері бойынша құқықтық баға берілетін болады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *