• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Асхат Оралов: «Лудоманиямен күрес — күн тәртібіндегі басты мәселе»

    Мәдениет және спорт министрлігінің аппарат кеңесінде ойын бизнесі мәселелері талқыланды.

    Вице-министрлер, комитет төрағалары мен министрліктің аппарат басшысы қатысқан кеңесте министр Асхат Оралов күн тәртібіндегі басты тақырып — лудоманиямен күрестің маңыздылығын атап өтті.

    Мәдениет және спорт министрлігі жанынан заңға өзгерістер енгізу үшін жұмыс тобы құрылып, белсенді жұмыс атқарып жатыр.
    Бүгінгі таңда қала көшелеріне қарайтын болсақ, елордадан бастап шалғайдағы ауылға дейін әрбір көшеде билбордтар, баннерлерде құмар ойындардың жарнамасы тұр. Ешқандай тәртіп жоқ. Сондықтан бұнын бәрін тоқтатуымыз қажет. Букмекерлік кеңселерді бақылаусыз жарнамалау дәуірі өткенге айналуы керек.

    Қажет болса арнайы бұйрықтарға, заңға да өзгерістер енгізу керек. Бұл мәселені шешуді созбай, тез арада шешім қабылдауымыз маңызды. Осы бағыттағы жұмысты күшейтуіміз керек, — деді ол.

    Ол лудоманиямен күрестің күн тәртібіндегі басты мәселе болып отырғанын атап өтті.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *